0 комментариев

Халықаралық режимдегі аумақтар дегеніміз не ? Ол аумаққа қандай аумақ, жерлер кірмейді ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz  сайтынан оқи аласыз.

Халықаралық режимдегі аумақтар – бұл мемлекеттік аумақ пен аралас режимдегі аумақ құрамына кірмейтін аумақтар:

  • жағалау мемлекеттерінің ерекше экономикалық аймақтары шектерінен тыс жатқан су теңістіктері;
  • теңіз түбінің халықаралық ауданы – жағалау мемлекеттерінің континенттік қайран мен ерекше экономикалық аймақтары шектерінен тыс жатқан теңіз түбі мен оның жер қойнауы;
  • мемлекеттік аумақтар шегінен тыс жатқан әуе кеңістігі;
  • Антарктика;
  • Ғарыш кеңістігі;
  • Ай және басқа аспан денелері.

Бұл аумақ мемлекеттердің ортақ пайдалануында болады және онда халықаралық қағидаттар мен нормалар қолданылады.

Аралас режимдегі аумақтар – бұл континенттік қайраң мен ерекше экономикалық аймақ, яғни жағалау мемлекеттердің ұлттық заңдары нормалары мен қатар бір уақытта халықаралық құқықтық нормаларда қолданылатын аймақтар. Бұл аймақтар мемлекеттердің егемендігі аясында болмайды және мемлекеттік аймақтар құрамына кірмейді, бірақ халықаралық құқыққа сәйкес, әр бір ондай ауданда жағалау мемлекеті табиғи ресурстарды зерттеуге, жетілдіруге және сақтауға қатысты өз егеменді құқықтарын, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғауға байланысты құқықтар мен міндеттерін жүзеге асырады.

Бұл құқықтардың көлемін халықаралық құқық анықтайды. Жекелеп айтсақ, олар – 1958 ж. Контоиненттік қайраң туралы конвенция және 1982 ж. Теңіз құқығы жөніндегі БҰҰ конвенциясы.

Өз құқықтары шегінде әр мемлекет аталған қызмет түрлерін реттейтін заңдармен ережелерді шығарады. Континенттік қайраң мен ерекше экономикалық аймаққа қатысты өзге жағдайлар халықаралық теңіз құқығының қағидалары және нормалары мен реттеледі.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий