0 комментариев

Мемлекеттік құрлықтың аумағы дегеніміз не ? Анклав дегеніміз не ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Мемлекеттік құрлықтық аумағы- бұл мемлекеттің шекаралары шегінде орналасу жеріне қарамастан барлық құрлық, аралдар мен анклавтар.

Анклав – бір мемлекеттің немесе мемлекеттердің құрлық аумағымен толық қоршалған басқа мемлекет аумағының бөлігі. Анклав өз мемлекеті аумағының бөлінбес бөлігі болып табылады.

Су аумағы – бұл ішкі сулар және аумақтық сулар. Бұл екі су кеңістіктерінің айырмашылығы мемлекеттің азаматтық және әскери кемелерінің бұл жерлерде жүзу режимдеріне байланысты.

Ішкі суларға 1982 жылғы теңіз құқығы жөніндегі БҰҰ конвенциясына сәйкес:

  1. Мемлекеттің (ошның ішіндегі архипелаг-мемлекеттер де) аумақтық теңіздің енін өлшеу үшін қабылданған бастапқы түзу сызықтардан жаға жаққа қарай жатқан теңіз сулары;
  2. Порт сулары;
  3. Жағалауы бір мемлекетке тиесілі болған шығанақтың сулары, егер де олардың ені 24- теңіз мильден аспаса;
  4. Тарихи шығанақтар.

Аумақтық теңіз – бұл ені 1982 ж. конвенцияға сәйкес 12- теңіз мильден аспайтын, теңіз жағалау суларының белдеуі.

Мемлекеттік шекара – құрлықта, суда, әуеде, жер қойнауында, мемлекеттік аумақтың шегін – карталарда және жерлерде анықтайтын сызық яғни мемлекет егемендігінің әрекет ету кеңістігінің шегі. Мемлекеттік шекара мемлекет шекарасын басқа мемлекеттердің аумағына, сонымен қатар халықаралық аумақтардан бөледі. Өту жерлеріне қарай шекараларды су және әуе шекаралар деп бөлеміз.

Құрлықтық шекара бір мемлекеттің құрлықтық аумағын басқа мемлекеттің құрлықтық аумағын бөлді және шекаралас мемлекеттер арасындағы шартпен анықталып, шартқа сәйкес жерлерде белгіленеді.

Әдетте шекаралар жер бедерінің ерекшіліктері (таулар, өзен, т.б. ерекше белгілер) ескере  отырып жүргізіледі және орфографиялық деп аталады. Кейде шекаралар екі нүкте арасындағы түзу сызық бойынша (геометриялық шекаралар), сонымен қатар меридиандар мен параллельдер бойынша анықталады (астрономиялық шекаралар).

Су шекарасы:

көлде – құрлықтық шекараны көлдің арғы жағалауы мен қосатын түзу сызық арқылы;

кемелер жүретін өзенде – бас фарватор арқылы (тальвег – ең үлкен тереңдіктер сызығы);

кемелер жүрмейтін өзенде – әдетте өзеннің ортасы арқылы;

теңізде – аумақтық теңіздің сыртқы шекарасы арқылы немесе шектес не қарсы жатқан мемлекеттердің аумақтық теңіздерді айыру сызығы арқылы өтуі мүмкін.

Аумақтық теңіздің сыртқы шектері халықаралық қағидаттар мен нормаларға сәйкес жағалау мемлекеттің заңдарымен белгіленеді.

Делимитация – мемлекеттік шекара сызығы жалпы бағытының карталарда және сол сияқты құжаттарда өтуін шарттық тәртіпте анықтау. Делимитация кезінде шекара сызығының өтуі арнайы таңдап алынған және келісіп қойылған табиғи немесе жасанды нүктелерге не бағдарларға негізделе отырып, кестелер мен карталарда, екіұшты талқылануға жол бермей, толық суреттеледі.

Демаркация – бұл мемлекеттік шекара сызығын арнайы шекара белгілер мен (пирамида, бағана, буй, шамшарақ) көрсету арқылы жүргізу. Демаркация жүргізгенде хаттама – әрбір шекаралық белгінің ерекше белгілерінің суреттемелері енгізілген жел орде шекара сызығы өтуінің кестелерімен және фотосуреттерімен бірге суреттемесі жасалады.

Редемаркация – бұрын демаркацияланған шекараны тексеру және айқындау, жойылған немесе бүлінген шекаралық белгілерді жөндеу, қалпына келтіру, шекаралық белгілердің бір түрін басқа түрмен ауыстыру, қосымша белгілерді орнату және то.б.

Әрбір мемлекет басқа мемлекеттің шекараларын құрметтеуге міндетті. Сонымен қатар, әрбір мемлекет шетелдік мемлекет органдарының және шетел тұлғаларының бұзушылықтарынан өз шекарасын қорғауға құқығы бар.

Халықаралық өзендер – бұл екі немесе одан да көп мемлекеттердің аумағының өтетін өзендер. Олар мемлекеттер арасындағы халықаралық суларды туғызады. Ондай өзендердің ішінен мыналарды атуға болады: Дунай, Амур, Рейн, Нигер, Конго, Амазонка және т.б.

Кеме қатынасы бар және кеме қатынасы жоқ халықаралық өзендер болады. Сонымен қатар, олар бірнеше мемлекеттердің аумағынан өтуі мүмкін немесе олардың аумақтарын бөлуі мүмкін. Осындай жағдайда, жағалау мемлекеттерінде ондай өзендерге қатысты өзара құқықтар мен міндеттер туындайды және бұл жағдай мемлекет мүдделерінің өзара байланысын туғызады.

Өзендерде әр түрлі қызметтерді жүзеге асыру барысында :

– бір жағалау мемлекеті басқа мемлекетке зиян келтірмеуі керек, әрбір жағалау мемлекеті өзінің аумақ ішінде халықаралық өзен бассейінінің суын қажеттілікке орай пайдалануда әділетті үлеске құқылы болады. Аумағы арқылы өзен сулары өтетін мемлекетке зиян келтірмеу үшін мемлекеттер халықаралық өзен суларын ластаудан аулақ болуға, бөгендер салудың, ирригацияны, ағаш ағызудың мемлекеттің шекарасы шегінде халықаралық өзендердегі балық ресурстарына тигізетін зиянды әсерін болдырмауға міндетті.

Халықаралық өзенде кеме қатынасының режимін жағалау мемлекеттері жасаған келісімдер негізінде анықтайды. Тек жағалау мемлекеттерінің кемелері жағалау мемлекеттердің арасында жасалған шарттар негізінде, басқа жағалау мемлекетінің аумағы құрамына кіретін өзен сулары арқылы өтеуге құқылы. Жағалау емес мемлекеттердің кемелері егер жағалау мемлекеттері келісім бермесе, халықаралық өзен арқылы өте алмайды.

Антарктиканың халықаралық-құқықтық режимі 1959 ж. 1 желтоқсандағы Антарктика туралы шартпен реттеледі. Бұл шартқа 12 мемлекет қол қойды. Олар: Аргентина , Австрия, Бельгия, Чили, Оңтүстік Африка Одағы, КСРО, АҚШ, Англия және т.б.

Антарктика – бұл солтүстік ендіктің 60-параллелінен оңтүстікке қарай орналасқан, ешбір мемлекеттің егемендігінде болмайтын жер шарының жалғыз ірі аумағы.

Антарктика туралы шарт Антарктика аудандарына мемлекеттердің аумақтық талаптарын мойындаған жоқ, бірақ бұл талаптарды және ұсыныла алатын талаптарды теріске шығармады.

Антарктика аумағы делимитаризацияланған және бейтарап қалған аймақ болып табылады. Сондықтан Антарктикада әскери контингенттерді орналастыруға және әскери қимылдарды жүргізуге болмайды.

Шартпен анықталған Антарктиканың құқықтық режимі арнайы тетікпен қамтамасыз етіледі. Оның құрамына Шарттың қатысушы мемлекеттермен жүзеге асырылатын, бір-бірінің Антарктикада қызметіне қатысты жердегі және әуедегі ауқымды бақылау жатады. Станцияларды, жабдықтарды, теңіз және әуе кемелерін, олардың құрамын тексеруді жүзеге асыру үшін әрбір мемлекет өз бақылаушыларын Антарктиканың барлық аудандарына кез келген уақытта жібере алады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий