0 комментариев

Арктиканың құқықтық режимі туралы тың деректерді kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Арктика – бұл жердің солтүстік аумағы. Оның құрамына аралдар мен Еуропа, Азия және Солтүстік Америка материктік құрлықтың жанасқан бөліктерімен бірге, терең Арктика бассейні және таяз шекті теңіздер жатады.

Арктиканың теңіз кеңістігі секторларға бөлінген. Әрбір сектор үшбұрышын нысанында болады және Солтүстік полюс оның төбесі болады. Ал, табаны Арктикалық мемлекеттердің жағалауы болады. Арктикалық мемлекеттер: Ресей, Норвегия, Канада, Дания, АҚШ. Арктикадалардың әрқайсысында өзінің секторы бар. Сектордың құрамына сектордың шегінде орналасқан аралдар мен архипелагтар кіреді және олар Арктикаға жағалас мемлекеттің мемлекеттік шекарасына кіреді.

Қолданылып жатқан секторлар жүйесі полярлық кеңістіктерді зерттеу мен игеру және секторларға қатысты өз құқықтарын нормативтік актілерде бекіту барысында тарихи түрде қалыптасқан.

Арктиканың құқықтық режимі қолданылып жатқан халықаралық теңіз құқығының қағидалары және нормаларымен әрі Арктикаға жағалас мемлекеттердің ұлттық заңдарымен анықталады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий