0 комментариев

Күкірт қышқылының қандай ерекшеліктері бар ? Оның физикалық қасиеттері қандай ? Концентрлі күкірт қышқылы дегеніміз не ? Өндіруші күкірт қышқылы неше сатыдан тұрады ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Күкірт қышқылының химия өнер кәсібіндегі маңызы орасан зор. Күкірт қышқылы өзінің қасиеттеріне байланысты сондай-ақ, басқа қышқылдардан әлде қайда арзан болғандықтан, көптеген өнеркәсіп салаларында, химия өнер кәсібінде, металл өңдейтін, мұнай өңдейтін және басқа салаларда кең қолданылады. Күкірт қышқылының қатысуымен минералдық тыңайтқыштарды, басқа ұшқыш қышқылдарды алуға болады, Оны дәрі-дәрмек, бояу, қопарғыш заттар, талшықтар, жуғыш заттар алу үшін қолданады. Күкірт қышқылынсыз ешбір химиялық лаборатория жұмыс істемейді. Өзінің қолданылуына қарай күкірт қышқылы өте көп өндіріледі.

Концентрлі күкірт қышқылы — күшті тотықтырғыш (әсіресе қыздырғанда) болып табылады. Ол көптеген металдарды, бейметалдарды, тіпті органикалық заттарды да тотықтырады.

Күкірт қышқылының құрамындағы негізгі элемент күкірт — біздің планетамызда көп тараған химиялық элементтердің бірі. Ол жер қыртысында: бос күкірт, металдар сульфидтері, түрлі сульфаттар және басқа қосылыстар түрінде кездеседі. Күкірт қосылыстары қазба отындардың барлық түрінде болады (тас көмір, мұнай, т.б.). Шикізаттардың осы айтылған барлық түрлері күкірт қышқылын өндіруге қолданылады. Дегенмен, өнеркәсіп бұлармен ғана шектелмейді. Мысалы, түсті металдар өндірісінде қосымша өнім ретінде күкірті бар газдар (Н2 S, SО2) түзіледі. Осы газдарды арнайы ұстағыш құралғылар көмегімен жинап, күкірт қышқылын өндіруге пайдаланады. Бұл жағдай біріншіден, қоршаған ортаны зиянды газдардан қорғаса, екіншіден, қалдықсыз өндіріске, яғни шикізатты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Мұндай табиғи ресурстар құрамындағы барлық элементтерді пайдалы өнімге айналдыра отырып, тиімді шикізат ретінде пайдалануды кешенді пайдалану деп атайды.

Күкірт қышқылын өндіру үш сатыдан тұрады :

Бірінші сатысы — күкірт (IV) оксидін алу.

Күкірт (IV) оксидін SО2 алу үшін жоғарыда аталған шикізаттарды өртейді. Солардың бірі — күкірт (темір) колчеданын Ғе S, өртеу жағдайымен толық танысайық:

4Ғе S2 + 11О2 = 2Ғе2О3+ 8 SО2

Заводта бұл реакцияны жылдам әрі өнімді жүргізудің барлық жағдайы қарастырылған. Күкірт колчеданы қатты зат, ал онымен әрекеттесетін ауа — газдар қоспасы, сондықтан жанасу бетін арттыру үшін ұсатылған қатты заттарды “қайнаушы қабатта” өртеу әдісі кең қолданылады. Бұл әдістің негізі ұсатылған шикізатты (мысалы, күкірт колчеданы) астынан қысыммен шыққан ауамен қатты үрлеу арқылы араластырып, ұнтақ затты бұрқылдатып, қайнап жатқандай түрге келтіреді, соны “қайнаушы қабат” дейді. Мұндай “қайнаушы қабатта” қатты заттың , ұнтағы ауамен (оттекпен) жақсы араласып, еркін жанасатын болғандықтан ондағы химиялық реакция өте жоғары жылдамдықпен жүреді. Өндірілетін заттың шығымы 3—4 есе артады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий