0 комментариев

Фтордың ашылу тарихы туралы ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Фторды бос күйінде алу, химиялық элементтерді алудағы қиыншылықтың ірісінің бірі болды. Өйткені фтор өте улы, әрі өте реакцияласқыш ыдыс-құралдың материалдарымен реакцияласады.

1886 жылы, Муассан еңбегінің нәтижесінде, фторды алудың әдісі табылды. Осы кезде фтор өнеркәсіптік көлемде сол әдіс негізінде алынады.

Бұл әдіс электролиз кезінде фтор ионын фтор атомына айналдыруға негізделген.

Барлық элементтердің ішінде химиктерге фтордай кеселін тигізген элемент болмас. Фторды алам деуші талай химиктердің денсаулығына зақым келді, біразы ажал тапты. Көп химиялық элементтерді ашқан атақты Дэви уланып мерзімінен бұрын қайтыс болды. Ирландия ғылым академиясының мүшесі Томас Нокс қаза болды, сол академияның тағы бір мүшесі Георг Нокс уланып мүгедек болды. Нансидағы белгілі химик Джерон Никлес көп азап шегіп, қайтыс болды.

Белгияның химигі проф. П. Луйэ. Нокстардың не болғанын біле тұрса да, осы фтордан қаза болды. Белгілі ғалым Гей-Люссак, оның қызметтесі химик Тенар фтордан уланған болатын. Көп қиыншылықтардан кейін фторды жеңген Муассан да бір көзінен айырылған. Фтормен жұмыс істеу өте үлкен ұқыптылықты керек етеді, сәл салақтық болса фтор ең кемі адамның тісін күйретіп, тырнақтарына зақым келтіреді.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий