0 комментариев

Хлордың ашылу тарихы туралы тың ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Хлордың ашылу тарихынан. Карл Шееле 1774 жылы «марганецпен» «теңіз қышқылының» әрекеттесуін зерттей отырып сары түсті, тұншықтырғыш газ бөлініп шыққанын байқайды. Шееле флогистон теориясын жақтаушы болатын, сондықтан теңіз қышқылының флогистонын марганец алған екен деп ойлап, ол газды «флогистонсызданған теңіз қышқыл» деп атайды.

Соңынан бұл газды Бертолле (1780ж) зерттеп, оның судағы ерітіндісі тұз қышқылы мен оттегіні беретінін байқап, бұл газда оттек бар екен деп ойлайды да, оны «тотыққан тұз қышқылы» деп атайды. Россияда В.М. Севергин (1800ж) А.Н. Шерер (1807ж) Захаров (1810ж) тотыққан тұз қышқыл газ деп атаған. Сөйтіп, хлор оттекті қосылыс деген ұғым, әсіресе Берцелиустың қолдауымен, нық орнаған болатын.

Гей-Люссак пен Л.Ж. Тенар 1808-1809 жылдарда хлорсутекке натриймен әрекет еткенде сутектің бөлініп шыққанын байқайды, екінші жағынан солар сутекпен «тотыққан теңіз қышқылы» (хлор) қосылып, хлорсутек түзетінін тәжірибеден көреді: Олай болғанда «тотыққан теңіз қышқылы» жай зат деп қорытынды шығаруға батылы бармайды, өйткені ол жай зат болса, оның ішінде оттек болмайды; ол мүмкін емес деп ойлайды. 1810 жылы осылардың барлығына Дэви қарсы шығып, тотыққан теңіз қышқылы деп жүрген күрделі зат емес жай зат деп оған хлорин деген ат береді. Дэвидің пікіріне Бертоле (1811ж) соңынан Гей-Люссак пен Тенар (1812ж) қосылады. Гей-Люссак хлор деп ат береді. Берцелиус бастаған бір топ химик көніңкіремей жүріп, Дэви мен Гей-Люссактың қосымша тәжірибелерінде ол газда оттек жоқ екендігі дәлелденген соң, оларда қояды.

Россияда 1813 жылы Гизе тұзтуғызушы, 1820 жылдан бастап әсіресе Гесстің жұмыстарында (1835ж) хлор деп аталады. Швейгер 1811жылы хлордың натриймен тікелей қосылысқанын бақылағаннан кейін химияға гологен деген сөзді енгізеді.

Сөйтіп хлор 1774 жылы ашылғанымен 36 жыл кейін ғана толық мойындалды.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий