0 комментариев

Бромның ашылу тарихы туралы тың ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

1825 жылы Гейдельберг университетінде (Германия) проф. Гмелиннің қарамағында Левиг деген студент ащы бұлақтың суын зерттейді, суға хлор жібергенде қоңыр түсті сұйықтық бөлініп шығатынын көреді, оны көбірек жинап содан кейін зерттемек болады.

Бірақ бұл зерттеу бітпес бұрын 1826 жылы Францияда Балар бром деген жаңа элемент ашыпты деген хабар жарияланады. Гмелин мен Левигтің зерттейміз деп жинап қойған сұйықтығы жаңа ашылған бром екен.

Балар теңіз суын суалтып оған хлор жібереді, түзілген қоңыр түсті сұйықтықты айдап ажыратып алып, зерттеу арқылы жаңа элемент екеніне көзі жетіп, оны мурид деп атайды.

Франция академиясының дәстүрі бойынша сайланған комиссия-Вокелен, Тенар, Гей-Люссак-Балардың жаңа элемент ашқандығын дұрыстайды. Сол комиссияның ұсынысы бойынша оны бром (бромос-сасық) деп атайды.

Неміс химигі атақты Либих, Балардың бром ашқандығын естісімен лобораториясында көп уақыттан тұрған, үстіне «хлор мен иодтың қосылысы» деп жазып қойған сұйықты зерттесе ол бром екен. Либих уақытында жете тексермегеніне өкініп, соншалық үлкен ғылыми табыс қолында бола тұра, оның абыройы, атағы, бұрын ешкімге белгісіз Баларға бұйырғанына іші күйіп, ызаланып, ғалым адамның айтуына лайықсыз «бромды ашқан Балар емес, Баларды ашқан бром» деп ащы сөз айтыпты.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий