0 комментариев

Иодтың ашылу тарихы туралы ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Өткен ғасырдың басында Наполеонның толып жатқан басқыншылық соғыстарына өте көп керекті «мылтық дәрісін» (порох) жасауға селитра қажет болды; Селитраны теңіз балдырларынан алуды көп кісі кәсіп қылды. Париждің түбіндегі аптека ұстаушы Куртуа селитра заводын салды.

Селитра қайнататын қазанның түбінде бір белгісіз тұздарды зерттей келе, оның күкірт қышқылымен әрекеттесе күлгін түсті будың шыққанын байқайды, буды жинаса ол металл сияқты жылтыр кристалдарға айналады.

Куртуа бұл затты таныс профессоры Клеманға, ол Гей-Люссакқа береді. Гей-Люссак оны қонаққа келген Дэвиға көрсетеді. Гей-Люссак пен Дэви мұның қасиетін зерттеп Кутуаның тапқаны жаңа элемент екенін анықтайды. Оны иод (грекше «йодос»-күлгін түс) деп атайды.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий