0 комментариев

Пластмассалар дегеніміз не ? Оның қандай қасиеттері бар ? Пластмассалар жасауға көбіне  нені қолданады?  Бұлар неше топқа бөлінеді ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Пластмассалар— иілгіштік қасиеті бар, сондықтан белгілі бір жағдайларда тиісті пішінге келтіруге болатын, жоғары молекулалы органикалық заттар негізінде жасалатын материалдар. Иілгіштік қасиет — дененің сыртқы күш әсерінен пішінін өзгертіп, ол әсер тоқталғаннан кейін де сол өзгерген пішінін сақтап қалу қасиеті. Иілгіштік қасиет пластмассалардан басқа заттарда да болады. Мысалы, саздың иілгіштік қасиеті оны түрлі пішінге келтіріп, бұйымдар (қыш ыдыстар, т.б.) жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ермек сазды (пластилинді) осындай иілгіштік қасиетіне байланысты өр түрлі мүсіндер жасауға пайдаланады.

Пластмассалар жасауға қолданылатын жоғары молекулалы заттар көбінесе шайырлар деп аталады. Пластмассалар кейде тек шайырдан ғана жасалады, басқаша айтқанда, жоғары молекулалы заттың өзінен ғана құралады. Мысалы, полиэтилен тек этиленнің полимерлену өнімінен тұрады. Көп жағдайда пластмассалардың кұрамы күрделі болады.

Қазіргі кезде бір-бірінен кұрамындағы толықтырғыштарға, пластификаторларда, пирақтандырғыштарга (стабилизаторлар) жөне басқа құрауыштарына, ең алдымен, байланыстырушы ретінде қай полимер қолданылатынына қарай пластмассалардың әр түрлі сорттары мен түрлері шығарылады.

Пластмассалардың кұрамына кіретін заттарға байланысты қасиеттері де алуан түрлі болады. Мысалы, ағаш ұнтағы, мата, асбест, т.б. пластмассалардың механикалық беріктігін . арттырады. Егер өте жай кебетін органикалық сұйық заттар қосса, иілгіштігін арттырып, морттығын жояды, бояғыштар тиісті рең береді.

Басқа полимерлер сияқты пластмассаларды да екі типке бөледі: стикалың, оларды термопластар деп атайды және термо реактивті, яғни реактопластар. Бұлай бөлу, негізінен, пластмассадағы  полимерге катысты анықталады. Термопластикалық шайырлар қыздырғанда жұмсарып, иілгіш болады да, суытса — қайта қатайып, өздерінің алғашқы қасиеттерін сақтап қалады. Ондай шайырлардан бұйымдар жасау үшін әуелі иілгіш күйіне дейін қыздырып, соңынан пішін беріп, суытып, бірнеше рет пайдалануға болады. Термопластикалық шайырлар катарына полиэтилен жөне полихлорвинил сияқты сызықтық құрылымды полимерлер жатады.

Термореактивті шайырлар термопластикалық шайырларға керісінше қыздырғанда, иілгіштік қасиетінен айырылады, балқы-майтын және ерімейтін күйге түседі. Себебі қыздырған кезде сызықты молекулалардан кеңістіктік құрылымды молекулалар түзіледі. Термореактивті шайырлар қатарына, мысалы, фенолформальдегид шайыры жатады. Мұндай материалды жаңа бұйым жасау үшін қайта өңдеуге болмайды, өйткені ол кеңістіктік кұрылым түзеді, ал бұл кұрылым қажетті иілгіштік қасиетін жояды.

Пластмассалар өндіру ауқымы жағынан полимер материалдары арасында бірінші орын алады. Олардың механикалық беріктігі жоғары, тығыздығы аз, химиялық төзімді, жылу және электр оқшаулағыштығы жақсы, т.б. қасиеттері болады.

Пластмассаларды тиімді шикізаттардан өндіреді. Олар механикалық өңдеулерге оңай беріліп, одан түрлі бұйымдар жасалады. Мұның бөрі оларды өндірістің барлық салаларында жөне ауыл шаруашылығында, техникада жөне күнделікті тұрмыста кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді.

Бір ғана полимердің негізінде өр түрлі материалдар алуға болады. Мысалы, каучук кебіне эластомерлі материалдар алуға қолданылады. Сонымен катар кейде талшықты қабыршақты материалдар алуға немесе бұйымдар бетін қаптауға да қолданылады. Ал кәдімгі пластик — эбонитті құрамында 30—50% күкірт және каучук бар қоспаны термо өңдеу арқылы алады.

Пластмассаларды негізгі қолданылу саласына байланысты бес топқа бөліп қарауға болады: конструкциялық, электр- және радио-техникалық, антикоррозиялық және бүлдіргіш орталарға тұрақты, дыбыс және жылу оқшаулағыштар.

Әр алуан материалдардың жақсы қасиеттері пластмассаларда табылады. Сондықтан техникалық көптеген мәселелерді шешкенде пластмассалар ең керекті, тіпті баламасы жоқ материал боп саналады. Мысалы, болатты алатын болсақ, ол өте берік, меншікті салмағы ауыр, мөлдір емес, электрден қорғай алмайды. Ағашты алсақ, ол жеңіл, бірақ берік емес және шіритін материал, пластмассалар осы күрделі талаптардың барлығын өтей алады. Олардың арасынан берік те жеңіл, мөлдір және сынбайтын, электр қорғағыштық қасиеттері жоғары және басқа да сапалы қасиеттері бар түрлері кездеседі. Мысалы, химиялық, төзімділігі алтын мен платинадан жоғары, үйкеліс коэффициенті өте төмен не жоғары, т.б. материалдар да бар.

Алуан түрлі қасиеттері бар пластмассалар жасау мүмкіншілігі зор, өйткені оларды алуға болатын мономерлер түрлері де шексіз. Оның үстіне, әр түрлі қосымша құрауыштар араластырып, пластмассалар қасиетін өзгертуге болатынын жоғарыда білдік. Мысалы, өте жеңіл пластмассалар — пенопластар кұрамына газ түзе (азот, көмірқышкыл газы) айырылатын заттарды қосып қыздыру арқылы алынады. Бөлінген газ жұмсарған пластмассаны үрлеп кеуектендіреді. Ондай пластмассалар — болаттан 100 есе жеңіл және жылу мен дыбыс өткізбейтін тамаша материалдар. Олардан суға батып кетуден сақтайтын құралдар, жеңіл жиһаздар, дыбыс пен жылу өткізбейтін материалдар, тұрғын үй қабырғаларын жасайды. Сонымен катар ұшақ, вагон жасау өндірісінде де қолданылады Толықтырғыш ретінде графитті жөне кейбір басқа да материалдарды пайдалану жылу ауыстыру аппаратурасын жасауға керекті жылу өткізгіш пластмассаларды дайындауға мүмкіндік берді.

Толықтырғыш ретінде шыны талшықтар қолданылған пластмассалар өте берік болады. Оларды күш түсетін конструкцияларды жасау үшін пайдаланады. Мысалы, автомобильдер мен автобустардың, катерлердің қораптарын, ұшақтар мен зымырандар жасауда да пайдаланады.

Жоғары сапалы штамптар жасауға болатын пластмассалар алынды. Сондай-ак пластмассалар медицинада тіс протездерін, сынықтарға протездер жасауда қолданылады. Пластмассалардың тіпті қан тамырлары мен өңешті алмастыратындары да болады. Хирур-гаялық күрделі операцияларда тігу үшін қолданылатын материалдар ешбір із қалдырмай организмге тарап, сіңіп кетеді.

Термопластикалық шайырлар қыздырғанда жұмсарып, иілгіш болады да, суытса — кайта қатайып, өздерінің алғашқы қасиеттерін сақтап қалады. Ондай шайырлардан бұйымдар жасау үшін әуелі иілгіш күйіне дейін қыздырып, соңынан пішін беріп, суытып, бірнеше рет пайдалануға болады. Термопластикалық шайырлар катарына полиәтилен жөне полихлорвинил сияқты сызықтық құрылымды полимерлер жатады.

Термореактивті шайырлар термопластикалық шайырларға керісінше қыздырғанда, иілгіштік қасиетінен айырылады, балқымайтын және ерімейтін күйге түседі. Себебі қыздырған кезде сызықты молекулалардан кеңістіктік құрылымды молекулалар түзіледі. Термореактивті шайырлар қатарына, мысалы, фенолформальдегиді шайыры жатады. Мұндай материалды жаңа бұйым жасау үшін қайта өңдеуге болмайды, өйткені ол кеңістіктік құрылым түзеді, ал бүл құрылым қажетті иілгіштік қасиетін жояды.

Пластмассалар өндіру ауқымы жағынан полимер материалдары арасында бірінші орын алады. Олардың механикалық беріктігі жоғары, тығыздығы аз, химиялық төзімді, жылу және электр оқшаулағыштығы жақсы, т.б. қасиеттері болады.

Пластмассаларды тиімді шикізаттардан өндіреді. Олар механикалық өңдеулерге оңай беріліп, одан түрлі бұйымдар жасалады. Мұның бәрі оларды өндірістің барлық. салаларында және ауыл шаруашылығында, техникада жөне күнделікті тұрмыста кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий