0 комментариев

Галактика айналуын қай жылдан зерттеле бастады ? М.А. Ковальский галактика айналымы туралы тұжырымдамасы қандай ? Осы идеяны кім галактиканың айналатынын дәлелдеді ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Галактика айналуын 1859 жылы көптеген ғалымдар зерттеді. Дәлелдеу үшін көптеген жұлдыздардың сәулелік жылдамдықтарын білу қажет еді. Ал оларды сол кезде ешкім білмейтін, ол тек біздің ғасырдың алғашқы ширегінде ғана нанымды анықталған болатын. М.А. Ковальский жұлдыздардың меншікті қозғалыстарын зерттей келе, галактиканы айналады деп тұжырымдады. Оның идеясын голландия астрономы Я. Оорт дамытты. Я.Оорт 1927 жылы Галактиканың айналатынын дәлелдеді.

 Мұндай дәлелдеудің мәні қарапайым, Құсжолының ең үлкен жұлдыз бұлтының Мерген шоқжұлдызында екенін еске түсірейік. Демек, бұл жұлдыз бұлтын Галактика түйдегі деп санау заңды. Құсжолындағы Күннен әр бағытта орналасқан жұлдыздар топтарының сызықтық жылдамдықтарын қарастырған.

Галактикада жарқырауы жоғары алып жұлдыздар, физикалық айнымалы жұлдыздар, жұлдыздар шоғырлары мен басқа объектілер, сондай-ақ радиотолқын тарататын сутегі бұлттардың орналасуына қарай Галактиканың құрылымы мен Күн жүйесінің ондағы орны анықталған. Аяғында Галактиканың жалпы көлемінің 30 000 пк(100 000 жар.жылы), ал Күннің оның центрінен шамамен 10 000 пк(30 000 жар.жылы) алыс, яғни Галактиканың ценріне қарағанда оның шекарасына екі еседей жақын орналасқаны белгілі болады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий