0 комментариев

Галактиканың құрылысы туралы ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Біздің жұлдыздық жүйенің орталық аймағында алапат жұлдыздар түйдегі бар. Мергендегі Үлкен жұлдыз бұлты оның бір бөлігі болып табылады. Ал екінші бөлігі қалың тозаң қабатынан көрінбейді. Бірақ 1949 жылы астрономдар А.А.Калиняк, В.И.Красовский мен В.Б.Никонов электронды-оптикалық аппараттарды пайдалана отырып түйдекті түгел суретке түсірді. Ал онан кейін ол оның радио сәулесі бойынша зерттеледі. Оның сызықтық көлемі 4800х3100 пк және негізінен қызыл алыптар мен ергежейлі жұлдыздардан тұрады. Орталық түйдектің ішкі жағында Галактиканың аумағы 30х15 пк ядросы бар және одан секундына 200 км жылдамдықпен газ ағындары шығып жатады.

Ядроның ортасында жұлдыз тәрізді объекті – әйгілі қуатты радиосәуленің көзі бар. Галактика жұлдыздарының негізгі саны, сондай-ақ сиреген жұлдыздар шоғырлары галактикалық жазықтықтың екі жағында спираль құрылым түзе, 1500 пк-ке жуық қалың қабат болып орналасқан. Осы спиральдардың тармақтары бізге Құсжолы немесе жең сияқтанып көрінеді. Олар орталық түйдектен тарайды. Бірақ үшеуінің бөліктерінің Персейдегі, Үшарқар-Таразыдан және Мергеннен жақсы көрінетініне қарамастан олардың саны белгісіз.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий