0 комментариев

Галактика туралы қызықты және тың деректерді kyn.kz сайтынан оқи аласыздар.

Жұлдыздардың орталық түйдек төңірегіндегі айналу жылдамдықтары алыстауларына қарай әуелі артады. Күн маңындағы ең жоғары шегіне шамамен секундына 250 км/с-қа жетеді. Ал Галактиканың шекарасында баяу азаяды. Осы жылдамдық пен Күннің Галактика центрінен қашықтығы бойынша Күннің 200 млн жылға жақын және галактикалық жыл делінетін айналу периодын есептеп шығару қиын емес.

 Күннің айналу периоды бойынша Кеплердің үшінші толықтырылған заңын пайдалана отырып, Күн массасы есебінен Галактиканың массасын шамалап анықтауға болады. Ол 200 млрд Күн массасындай болып шықты.

Галактиканың спиральды жеңдеріне енетін объектілер I кейіптегі қоныс деп саналады. Галактиканың жазық ішкі жүйесін құрайды. Оған О және В спектрлі класстарындағы жарық жұлдыздар, айнымалы жұлдыздар-цефеидтер, сиреген жұлдыздар ассоциациялары, газ-тозаңды тұмандықтар жатады. Оған керісінше, шар тәрізді жұлдыздар шоғырлары, қызыл асқын алып жұлдыздар жатады. Галактикалық жазықтықтан 10 000 пк-ке дейін, жұлдызды жүйенің орталық түйдегін жан-жағынан қоршай тараған. Осы барлық объектілер П кейіптегі қонысқа жатқызылған және Галактикалық сфералық ішкі жүйеге енеді.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий