0 комментариев

Қыс кезінде кез-келген адамның иммунитеті төмендеп және тұмау немсе суық тиіп төсек тартып жатып қалуы мүмкін. Бұның арты әлсіздік, өзін жайсыз сезініп, дене қызуының жоғарылауына алып келеді. Әр түрлі дәрілермен, антибиотиктермен ағзаны улағанша табиғи ешқандай химиялық қоспасыз жеміс-жидек жеп, осы аурулардың алдын алған  жөн. Қыс кезіндегі адам ағзасына пайдалы қандай жемістер ? Осы сұрақтың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Анарды жеу немесе шырынын ішу — суық тию мен тұмаудан кейінгі қан тазалаудың тамаша әдісі. Оның құрамында қызыл қан түйіршіктері — эритроциттердің түзілуіне көмектесетін ферменттер бар. Анардың құрамында төрт маңызды дәрумен бар: С — иммунитетті, Р — тамырларды, B6 — жүйке жүйесін нығайтады, aл B12 қан формуласын жақсартады. Анардың тұтқырлағыш заттары бронхит кезіндегі жөтелге көмектеседі, сонымен қатар ұйқы безінің жұмысын жақсартады. Анар шырынын таза күйде ішуге қарсы көрсетілімдер бар.

Антоновканың (алманың күзгі сұрыпы) тұнбасынан жасалған шәй ішсеңіз, таңғы суықта ағза тезірек оянады. Пісірілген алма асқазан жұмысын жақсартады. Алма шырыны зат алмасуды жақсартады. Жасыл алмалардың қышқыл-тәтті сұрыптарының құрамында темір өтекөп болады. Бұл микроэлемент қан үшін маңызды, қан аздық және шаршағандықпен күреседі. «Қысқы» алмалардың дәнінде йод көп болады: 5-6 алма дәндері тәуліктік қажеттілікті өтейді. Йод суыққа деген аса сезімталдықты жеңуге көмектеседі. Антоновка алмасын қысқы дәрумен жетіспеушілікке қолданады: көктемге қарай онда С дәруменінің 90%-ы сақталса, ал басқа жемістерде оның құрамы 40- 30%-ға дейін төмендейді.

Ғалымдар жидектер арасындағы «қар ханшайымы» деп атайды. Бұл заңды да, егер оны аязда қалдырса, бұл жидекте С дәрумені тек одан әрі көбейе түседі. Сол себепті ол мұздатылған түрінде ешбір пайдалы қасиеттерін жоғалтпайды. Мүкжидектің құрамында нағыз антибиотиктер сияқты әсер ететін қышқылдар анықталған. Мүкжидек шырыны бүйрек қабынуымен күресуге, тұмаудан кейін тезірек жазылуға көмектеседі. Жібітіп әзірленген мүкжидек дене қызуын басады. Сондықтан суық тию кезінде тоңазытқышта мұздатылған мүкжидектің болғаны жақсы. Аскорбиннен бөлек, оның құрамында жүрекке қажет калий көп, иммунитетке қажетті Н дәрумені, бұлшық етке тонус беретін және сүйек пен тістерге беріктік беретін фосфорда бар.

Құрма мәйегінің қызғылт сары түсі оның құрамындағы бетакаротин мөлшерінің көп екендігін білдіреді. Бұл зат А дәруменінің туындысы, көру қабілетін нығайтады, өкпе мен бронх жасушаларын жаңаландырады. Құрмамен жасалған сүтті коктейль жөтелді жібітуге көмектеседі. (жарты литр сүт пен екі жұмсақ жеміс). Құрмада сонымен қатар никотин қышқылы көп (РР дәрумені). Ол шаршағандықты басуға көмектеседі және біздің табиғи антидепрессант – серотонин гормонының түзілуіне қатысады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий