0 комментариев

Күріштің дүние жүзінде неше түрі бар ? Күріштің құрамында не бар ? Адам ағзасына тигізетін пайдасы қандай осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Күріш — дүние жүзінде ең көп тұтынылатын азықтардың бір түрі. «California Rice Commission» деректері бойынша дүние жүзінде 40 000-нан астам түрі бар көрінеді. Жүйелі қоректенудің ажырамас бөлігіне айналған күріш — құрамында зиянды май, холестерин секілді зиянды ештеңе болмауы арқылы денсаулыққа өте пайдалы азық түрі.

Қан қысымы: Құрамында натрий өте әлсін ғана кездесетіндіктен жоғары қан қысымымен байланысты дерті барлар үшін ең жақсы азықтардың бірі.

Альцгеймер: Алцгеймер дертінің алдын алу мақсатында, мамандар бұл дертке шалдыққандар үшін пайдалы болып табылатын нейромедиатор тұрғысынан қанық келетін күңгірт түсті күрішті тұтынуға кеңес береді.

Қант диабеті: Аминқышқылдар қатарына жататын лейцин тұрғысынан қанық келетін күріш қандағы шекерді жүйелендіріп, күш береді және жаралардың жазылуына септігін тигізеді.

Ас қорыту: Ас қорытылмауының алдын алатын күріш іш өтуіне қарсы әсерлі келеді.

Қатерлі ісік: Күңгірт күріш қатерлі ісіктің алдын алуға ықпал ететін ерітілмейтін талшық тұрғысынан қанық келеді.

Дәрумендер мен минералдар қоры: Күріш D, B дәрумені, фолий қышқылы, кальций, ферум, магний секілді минералдарды қамтиды. Жасушалардың жаңалануын қамтамасыз етеді.

Энергия көзі: Күріште көмірсу мөлшері мол болатындықтан денеге күш-қуат беріп, мидың қалыпты жұмыс істеуіне көмекші болады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий