0 комментариев

Зәйтүн майының қандай емдік қасиеті бар ? Оны гректер тағы қалай атаған ? Зәйтүн майының құрамы қандай ? Оның адам ағзасына тигізетін пайдасы ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Зәйтүн майының емдік қасиетіне баға беру өте қиын. Гректер оны өмір, денсаулық, береке ағашы деп бекер атамаса керек.

Зәйтүнді пайдалы ететін оның моноқанықпаған майлары. Оны тағамды қуыруға да, табиғи күйінде де қорықпастан пайдалануға болады. Сіздің ағзаңыз өзіне керектіні алып, артығын қабылдамайды. Алайда, зәйтүн майының майлы әрі көпкалориялы тағам екенін ұмытпаңыз, оны диета кезінде орынды пайдаланған жөн.

Зәйтүн майын тұрақты түрде пайдалану асқорыту жүйесінқалыпқа түсіріп, холестерин дәрежесін төмендетіп, жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алады. Зәйтүннің тағы да бір тамаша қасиеті қатерлі ісік ауруына душар болу қаупін сейілтетіндігінде және мұның бәрі де ғылыми түрде дәлелденген.

Зәйтүн майының пайдалары

– Бүкіл майлардың арасында ең оңай қорытылады.

– Теріні сергітеді, қорғайды және жұмсартады

– Массажда, ваннада және бет маскаларында қолданылады.

– Лимон немесе кофемен ішілетін болса, іш қатуын кетіреді.

– Тамақтанудан бұрын ішілетін болса, асқазанды жарадан қорғайды.

– Жүректі қуаттандырады, ұстамалы жүрек ауруы қаупін азайтады.

– Зәр жолдары және өт іркілетін қалта жайсыздықтарында пайдалы.

– Ауызды шайғанда тістердің ағаруына пайдасын тигізеді.

– Ішек-қарынды жұмыс істетіп, асқорытуды оңайлатады.

– Сүйек әлсіздігінің және тіс шіруінің алдын алады.

– Зиянды, улы нәрселердің денеден шығуын қамтамасыз етеді.

– Зиянды холестеринді азайтып, пайдалы холестеринді қорғайды.

– Шикі күйінде тұтынуға болатын жалғыз май.

– Экзема, жара, сыздауық, бөртпе, есекжем, безеу және осы сияқты тері аурулары үшін әр күні зәйтүн майын жағу пайдалы болады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий