0 комментариев

Әнуарбек Байжанбаев дегеніміз кім ? Ол қай жерде туылып өскен ? Еңбек жолы қалай басталған ? Ол қандай институтта білім алған ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz  сайтынан оқи аласыз.

Әнуарбек Байжанбаевтың әкесі Нығыметжан Байжанбайұлы Семей өңірі, Шыңғыс тауының бөктерінде, ұлы ақын Абайдың ауылдасы болған. Шешесі Фатиха өз заманында «Әнші апа» атанған кісі екен. Әнуарбек Байжанбаевтың өзі еңбек жолын 1931 жылы Алматыда, мектепте оқып жүрген шағында бастапты. Қалаға көшіп келген ата-анасына қолғабыс ету мақсатында «Социалистік Қазақстан» газетінің баспаханасында хат тасушы болып жұмыс істеген. С.Сейфуллин, М. Әуезов, С.Мұқанов секілді классик жазушыларымызға хаттар, қолжазбалар, кітаптар жеткізіп отырған.

Солардың арасында жүріп бала Әнуарбек көркем шығармаға ден қойып өседі. 1940 жылы Қазақ коммунистiк журналистика институтына оқуға түседі. Соғыс басталғанда алғашқылардың бiрi болып соғысқа аттанған ол, 1943 жылы майданда аяғынан ауыр жараланып, елге оралады. Сол жылы, кезінде баспаханада бірге істескен, кейін Республикалық Радио тарату комитетінің бастығы болған Омарғазы Оспанов оны радиоға дикторлыққа шақырады.

Содан өмiрiнiң соңына дейiн, 50 жылдай радиода қызмет атқарады. Қазақ радиосының алтын қорында бүгінде әйгілі диктордың оқуында 400-ден астам жазбалар, он мыңдай әдеби, му­зыкалық хабарлар сақтаулы. Әнуарбек Байжанбаев 1989 жылы 21 қазанда 66 жасында дүние салды.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий