0 комментариев

Құлпынайдың құрамында қандай дәрумендер бар ? Құлпынайдың ағзаға қандай пайдасы бар ? Оның басқа жемістерден айырмашылығы неде ? Құлпынайды тағы қандай мақсатта қолданады ?  Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Құлпынай дәрумендерге аса бай. Құрамындағы С дәруменінің мөлшері цитрус өсімдіктеріне қарағанда анағұрлым көп. Сонымен қатар минералдар мен микроэлементтері де көп: темір, магний, калий, кальций, цинк, марганец, фосфор, кремний, мыс, йод бар. Құлпынай дәрумен жетіспеушілікке өте пайдалы. Ағзаны тазартып, зәрді және терді айдайды. Құрамындағы антиоксиданттар қартаю процесін тежейді. Иммунитетті күшейтіп, қан аздыққа көмектеседі.

Микробқа қарсы қасиеті жоғары болғандықтан, асқазан ауруы бар адамдарға аса пайдалы. Темекі шегетіндерде қатерлі ісік пайда болуы ықтимал, сондықтан құлпынайды көп жеу керек. Жөтел және өкпе аурулары кезінде құлпынайдың жапырақтарын қайнатып ішсе, тез арада жазылып кетуге болады. Құлпынайды десерт ретінде жейді. Құлпынайдың пайдасын арттыру және организмге сіңімдірек болу үшін, қаймақпен немесе кілегеймен жеу керек. Құлпынайдан шырын, тосап, джем жасайды. Хош иісі үшін парфюмерияда қолданады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий