0 комментариев

Шылау дегеніміз не ?  Олардың неше түрі бар ? Бір-бірінен айырмашылығы қандай ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Толық мағыналы сөздерге тіркесіп, көмекшілік қызмет атқаратын сөздер шылауға жатады. Мыс: Сен ғана, сабақтан соң, оқу үшін дегенде ғана, үшін соң сөздері көмекшілік қызметте жұмсалған. Шылау сөздер мағыналарына, қызметіне қарай 3 топқа бөлінеді: Септеулік ш, демеулік ш, жалғаулық шылаулар.

Септеулік шылаулар

Септеулік шылаулар өзімен тіркесетін сөздердің белгілі септик жалғауында тұруын қажет етеді.

Атау септіктегі сөзбен тіркесетін септеулік шылаулар: арқылы , үшін , туралы, жайында, жөнінде, сайын, шама, шақты.

Барыс с.с.т.с.ш: дейін, шейін, тарта, таман, жуық, қарай

Шығыс с.с.т.с.ш: әрі , бері, бұрын, соң, астам, кейін, асат.б.

Көмектес с.с.т.с.ш: бірге , қатар

Кейбір септеулік шылаулар бірінің орнына бірі қолданылады. Мыс: үйге дейін, үйге шейін, жүзге жуық , жүзге тарта т.б.

 

Жалғаулық шылаулар

Жалғаулықтар сөзбен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады. Олар мағыналарына қарай : Ыңғайластық жалғаулықтар: мен, бен, пен, да, де та, те, және, әрі,тағы.

Қарсылықты жалғаулықтар: бірақ, дегенмен , алайда, сонда да, әйткенмен, ал.

Талғаулы жалғаулықтар: я, не, немесе, яки, әлде.

Себеп-салдарлы жалғаулықтар: өйткені, себебі, сол себепті, неге десең

Кезектес жалғаулықтар: кейде, бірде, біресе

Шартты жалғаулықтар: егер, егер де , онда.

 

Демеулік шылаулар:

Өзі тіркесетін сөзге әр түрлі мағына үстеп , оған түрліше өң беретін шылаулар демеулік шылауларға жатады.

Сұраулық демеуліктер: ма, ме, ба, бе, па, пе

Күшейткіш демеуліктер: -ақ, -ау, -ай, да, де, та, те

Шектік демеуліктер: -ақ, қана, ғана, қой.

Күдіктік демеуліктер: -мыс, -міс, -ау

Болымсыздық: түгіл, тұрмақ, тұрсын

Нақтылық: қой, ғой, -ды, -ді, -ты, -ті

Изменен статус публикации
Добавить комментарий