0 комментариев

Сын есім туралы қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Сын есім – заттың сындық белгісін білдіретін сөз табы. Сондықтан ол зат есімнің алдынан ешбір қосымшасыз келіп тіркесіп сөйлемде анықтауыш қызметін атқарады. Мысалы, асыл – мұра, әсем ән, жақсы кітап, қызық әңгіме т.б.

Сын есім қолданыста заттық мағынаны да білдіре алады, ол сын есімнің заттануы деп аталады.

Сын есім сөйлемде анықтауыш, пысықтауыш, баяндауыш қызметін атқарады: Кәрі ағаш иілмейді. Жаңа сыпырғыш жақсы сыпырады. Қисықтың көлеңкесі де қисық.

Заттанған сын есім сөйлемнің барлық мүшесі бола береді: үлкенді сыйла, жақсыдан үлгі ал т.б.

Сын есім мағынасына қарай сапа және қатыстық сын есім болып бөлінеді: Сапа сын есім деп заттың түрі, түсін, сапасы мен сынын, көлемі мен аумағын білдіретін бір морфемалы сөздер аталады: ақ, көк, үлкен, жақсы, биік, жаман, қызыл, кең, тар, жалпақ т.б.

Қатыстық сын есім деп заттың белгісін басқа бір заттың қатысы арқылы білдіретін сөздер аталады: таулы (жер), қамысты (көл), жазғы (самал), бөрікті (адам), бойшаң (жігіт) т.б.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий