0 комментариев

Сын есімдердің неше түрі бар ? Олар қалай жасалады ? Осы сұрақтың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Негізгі түбір сын есімдер деп құрамы бөлшектеуге келмейтін негізгі түбір сөз арқылы заттың сындық белгісін білдіретін сөздер аталады: қоңыр, сары, қара, семіз, сұр, аласа, жылы, ірі, кіші, жұқа, қалың т.б.

Туынды түбір сын есімдер деп сөзжасамдық жұрнақ арқылы жасалған сөздер аталады: ойлы, күлкішіл, таудай, сырлас (адам), сөзшең т.б.

Дара және күрделі сын есімдер

Дара сын есімдер деп құрамы бір ғана сөзден тұратын сындық мағыналы сөздер аталады: әдемі, жақсы, күлкішіл, ұзын, қоңыр, таңғы т.б.

Күрделі сын есімдер деп ең кемі екі сөзден құралып, бір сындық ұғымды білдіретін сөздер аталады: күрең қызыл, қара ала, қара сұр, ақ сақалды т.б.

Күрделі сынның жасалу жолдары:

  1. Сапа сындарының бір-бірімен тіркесуі арқылы күрделі сын жасалады: қызыл ала, қоңыр күрең, қара сұр, қара көк , көк ала т.б.
  2. Сапа сыны мен қатыстық сынның тіркесуі арқылы жасалады: қалың қамысты (көл), ақ қанатты (құстар) , кең маңдайлы көк көйлекті(қыздар) т. Б.
  3. Есім сөз бен қатыстық сын есімнің тіркесі арқылы жасалады: түлкі тымақты (кісі), қос ішекті( домбыра), былғары етікті (жігіт), қасқыр ішікті(азамат) т б.
  4. Қатыстық сын мен қатыстық сынның тіркесі арқылы күрделі сын есім жасалады: қазақы мінезді (жігіт), толықша денелі(әйел), сәнді киімді(қыз), өткір көзді)жігіт), сапалы білімді(азамат) т. Б.

Сын есімдердің қосарлануы арқылы күрделі сын есім жасалады: үлкен-үлкен, жақсылы- жаманды, үлкен-кіші.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий