0 комментариев

Сын есімнің шырайлары туралы мәліметті kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Сын есімнің 4 түрлі шырайы бар: жай шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай, асырмалы шырай.

  1. Жай шырай – заттың жай қалыпты түрін, түсін, сапасын, салмағын, көлемін білдіретін сын есімдер. Мысалы, биік, жақсы, ақылды, өнімді.

Жасалу жолы: ешбір қосымшасыз түбір және туынды сын есімдердің өзінен жасалады.

  1. Салыстырмалы шырай – бір заттың сындық белгісін екінші затпен салыстырғанда кем не артық екенін білдіретін шырайдың түрі.

Жұрнаќтары: 1) –ыраќ, -ірек, -рақ, -рек: 2) –лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу: 3) –қыл, -ғыл, -қылт, -ғылт, -ғылтым, -тым, -шыл, -шіл, -ќай,  -шылтым, -шілтім, -ғыш, -ілдір, -ша, -ше, -қай.

Мыс: 1) ауырырақ, жақсыраќ, кішірек: 2) қызылдау, жылылау, кішілеу: 3) ақшыл, көгілдір, , қоңырқай, ұзынша, сарғыш, қышқылтым:

  1. Күшейтпелі шырай – белгілі бір сындық белгілі бір нәрседен өте артық не өте кем екенін білдіретін шырайдың түрі. Мысалы, сап-сары, жап-жарық

Жасалу жолы: негізгі сын есімдердің алдынан күшейткіш буынының қосарлануы арқылы жасалады.

  1. Асырмалы шырай – белгілі бір сандық белгіні бір нәрседен аса артық не аса кем екенін білдіретін шырайдың түрі. Мысалы: өте жарық, тым ауыр

Жасалу жолы: сын есімінің  алдынан күшейткіш үстеулердің (тым, өте, ең, нағыз, орасан, кілен, аса т.б.) тіркесіп келуі арқылы жасалады.

 

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий