0 комментариев

Жіктеу есімдігі туралы мәліметті kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Жіктеу есімдігі қарақалпақ тілінде меншиклеу, қырғыз тілінде жақтама, өзбек тілінде, ұйғыр тілінде кишилик, түрікмен тілінде ат чалышмасы деп аталады. Бұлай деп аталуының өзі де жіктеу есімдіктердің айтушы, сөйлеуші, бөгде кісілерге байланысты болуынан келіп шыққан.

Қазақ тілі Қырғыз тілі Өзбек тілі Түрікмен тілі
I жақ мен, біз II жақ сен, сіз III жақ ол, олар мен, биз сен, сиз ал, алар мен, биз, сен, сизу, улар мен, биз, сен, сиз ол, олар

Кейбір болар-болмас фонетикалық өзгешелігі болмаса, қарақалпақ, ұйғыр тілдері де осындай I—II—III жақпен айтылады.

Демек, жіктеу есімдіктері ең ескіден келе жатқан, аз болса да, қарым-қатынас үшін өте жиі қолданылатын сөздердің қатарына жатады.

Махмуд Қашқари мён-мен (түрікше) ман сөйлеуші жақ орнында қолданылатын сөзді көрсетеді .

Ман ана имлаттим.Ман нонг урнаттим.

Махмуд Қашқари сан екінші жақ мағынасындағы сөз. Бұл сөзді түркі қауымы жас, дәрежесі өзінен кішілерге қолданып, өзінен үлкен, құрметшілерге сиз есімдігін қолданады. Оғыздар, керісінше, өзінен үлкендерге сан, өзінен кішілерге және көптік мағынада сиз қолданады.

Түркі қауымдары қолданған формасы қағидаға дұрыс келеді деп көрсетеді. Осымен қатар Махмуд Қашқари сен қанжак қауымы тілінде сан деген, түркі қауымдары сан деп айтады деп. Көрсетеді. С. М. Муталлибов бізге де түркі қауымдары қолданған сан, сиз варианты жетіп келді деп көрсетеді шынында, сол уақыттарда да кейбір кауымдар сен есімдігін қолданған, демек, бұл қыпшақтар екендігі сөзсіз.

Үшінші жақта ул, у есімдігі қолданылады. Ул аңдаг айді — ол сондай деді, у (одам) шундай деди — ол (одам) сондай деді.

Махмуд Қашқарида бірінші жақ көптік яғни біз мағынасындағы есімдік: биз келдимиз. Сонымен қатар біз есімдігінің міз варианты бар екендігі де айтылады. «Миз сөзі биз деу. Бұл сөз-дің бірінші м дыбысы б-ға өзгерген. Сөз басында б мен, біз түрінде, қолданса да, сөз аяғында есімдер мен етістікке жалғанғанда миз түрінде қолданылады. Биз бардимиз, келдимиз, отимиз сияқты». Міне, қазіргі тілдердегі жіктеу есімдіктерін көне түркі тілдерімен салыстыру арқылы І жақта қолданып жүрген мыз-міз жақ аффикстерінің о бастағы жіктеу есімдігі (-біз-цщ фонетикалық варианты) екендігін анықтаймыз.

Махмуд Қашқари «сиз жикил қауым тілінде жекелік мағынасында, сан орнында құрметті үлкен адамға қолданылатын есімдік. Дикилдер кішкейтайларға сан дейді, оғұз қауымдары керісінше деп көрсетеді. Кішкентайларға сиз, үлкендерге сан дейді. Сиз есімдігі, XI ғасыр тілінде си болып қысқарған түрінде де қолданылады»,— дейді.

Силарга манингдан осиғ сұз керак. С. М. Муталлибов қазіргі заман тілі диалектінде сиз сөзіне –лар қосымшасы қосылғанда, з дыбысы түсіріліп силар болып айтылатындығын көрсете-ді. Шынында, диалектіні былай қойғанның өзінде бұл құбылыс қазіргі заман қырғыз, ұйғыр әдеби тілдерінде силер-силәр түрінде қолданылады .

Жіктік есімдіктері есім сездердің орнына қолданылатын болған соң, бұлар да септік, көптік, тәуелдік жалғауларын қосып алады

Салыстырылған тілдерде жіктеу есімдіктерінің септелу үлгілері.

Қазақ, қарақалпақ, қырғыз, өзбек, ұйғыр, түрікмен тілдеріндегі жіктеу есімдігінің септелу үлгісінен жалпы ұқсастықпен қатар кейбір өзгешеліктер де бар.

Қазақ, қарақалпақ тілдерінде жіктеу есімдіктері барыс септігінде I жақта — маған, II жақта — саған, III жақта оған болып айтылады. Басқа тілдерде — мага, менга, маңа болып, біраз фонетикалық өзгерістер болса да, негізінде, барыс септігінің жалғауы қосылған. Сол сияқты III жақта айтылатын ол жіктеу есімдігі қырғыз тілінде ал, өзбек, ұйғыр тілдерінде у түрінде қолданылады да, қалған септік жалғауларында дұрыс септеле

Изменен статус публикации
Добавить комментарий