0 комментариев

Сілтеу есімдігі туралы ақпаратты kyn.kz  сайтынан оқи аласыз.

Сілтеу есімдіктері қарақалпақ тілінде силтеу, қырғыз тілінде — шилтеме, өзбек, ұйғыр тілдерінде — курсатиш — көрситиш, түрікмен тілінде — гөркезме деп аталады.

Түркі тілдердің қай-қайсысында болса да, сілтеу есімдіктері сілтеу, көрсету мағынасында қолданылады. Ал сілтеу көрсету мағынасы өте кең, осыған қарай сілтеу есімдіктерінің әр қайсысы әрбір көрсететін, нұсқайтын нәрсенің алыс-жақындығын дәлдеп немесе шамалап көрсетеді. Мысалдар: -анау екі орыс кім? (Ғ. Мұстафин.) Мына ауылға жүгір,— деді Жамал. (Ә. Нұр-пейісов.) Уша ерда қатта сурат турибди (А. Мухтор) — өзб. Мы-на ошол Каныбек быйыл жыйырма бирге чыкты (Қ. Жантөшев) — қырғ.

Қазақ тілінде сілтеу есімдіктер болып есептелетін сөздер: бүл, осы, ол, сол, анау, мынау, сонау, осынау, ана, мына, сона, әні, міне , ал қарақалпак. тілінде бул, усы, ол, сол, ана, анау, мына, мынау, мине. Қырғыз әдеби тілінде сілтеу есімдіктерінің қысқарған жаңа толық түрі қатарынан — бу — бул, ушу — ушуа — ошо — оиіол, тиги — тигил, тетиги — тетигил, тээ тетиги — тээ тетигил болып қолданылады . Өзбек әдеби тілінде — бу, шу, у, уша , ұйғыр әдеби тілінде — у, бу, шу, мону, мана у, мана, маву, мана бу, мошу, мана шу, әйнә (әнә), әйнә у, ушу, әйнә шу, әву, әйнә бу, ушбу, түрікмен тілінде — бу, шу, шол, шо, ол.

Бұл тілдердегі барлық сілтеу есімдіктері бірінде — аз, бірінде көп сияқты болып көрінгенмен, салыстырып қарасақ, барлығына ортақ, барлығында бар — бүл — бу (қырғыз, өзбек, ұйғыр, турікмен тілдерінде), ол — у, осы — ошо — уша — ушу — шу; сол — ошол — шу — шо; сол — шу — шо — шол т. б. сілтеу есімдіктері болып келеді, Қалғандары сол кезгі сілтеу есімдіктердің әр түрлі вариантта айтылуына байланысты қолданылады.

Сілтеу есімдіктерінің кұрамы бірыңғай емес, біреулері табиғаты бойынша сілтеу есімдіктері болса, қалғандары басқа есімдіктерден кіріп, сілтеулік қызметін атқарады.

Махмуд Қашқари «Девону луғотит түркте» сілтеу есімдіктеріне тоқтаған, мысалдар келтіріп, олардың қолдану жолдарын көрсеткен. XI ғасыр тіліндегі сілтеу есімдіктерін қазіргі түркі тілдерімен салыстырсақ, олардың барлығына ортақ ұқсастығы мен өзгешелігі, даму жолдары анық байқалады. Махмуд Қашқари ул (ол), бу (бул), на, не, ким, қаю, қани, қали, натан, қанча есімдіктерінің сілтеу, көрсету мағынасында қолданылаты-нын айтады. Махмуд Қашқари әрбір сілтеу есімдігнің мағынасын анықтап көрсетеді. Ул(ол) — алыстағы нәрсені көрсетуші есімдік , бу (бұл) жақындағы нәрсені көрсетуші есімдік: бу әр (бул адам). Алыстағыны көрсетуші ул есімдігінің шығыс септігінде — анда септігінде — ангар (анар) түрлері қолданылған.

«Қутадғу білікте» бу (бұл) му мен берілген. Му сілтеу есімдігі барыс, табыс септік жалғауларын қосып алып, мунгар, муни түрінде қолданылған:

Мунгар мангзар эмди эшит ушбу суз

Муни сен аюрсан менинг теб манинг

Махмуд Қашқари ұзақ пен жақындықты көрсету үшін ани-муни есімдіктерінің өзгешелігін көрсеткен.

Тилансанё ани тут, тиласанг муни сол сияқты С. М. Муталлибов XI ғасыр тілінде бу есімдігі көбінесе анық, ул — анық болмаған, күман түріндегі мағынада қолданылғандығын көрсетеді.

«Құтадғу білік» сенімді анықтықты білдіру үшін ушбу есімдігін қолданған.

С. М. Муталлибов XI ғасыр тілін зерттегенде, ушандағ, мундоғ сілтеу есімдіктерінің бір нәрсені екінші нәрсемен салыстыруды білдіретіндігін көрсетіп, мынадай мысал келтіреді: Идишчи боши қур ушандоғ, керак, идиш тутғувчилар бу мундоғ керак .

XI ғасыр әдеби мұраларында на, не есімдіктерін көп қолданумен қатар, солардың негізінде налук, начук, нега, натак, нагутах сияқты түрлері де сілтеудің әр түрлі жағдайларын көрсеткендігі білінеді. Ал XII—XIII ғасырдағы орта Азия тәфсирінің тілінде де, XIV ғасырдағы Алтын — Орда Хорезм әдеби мұ-раларында да на есімдігінің налуқ, нечуқ, неча, нааг.

Демек, сілтеу есімдіктері тарихи жақтан барлық түркі тілдерге ортақ қазіргі тілдерде негізгі функциясын сактап қалғандығы сезіледі, тілдердің даму процесінде кейбір фонетикалық өзгерістер, әрбір ұлт тілінің қалыптасуында келіп шыққан. Бұған қосымша, әр тілдің өзіне тән сілтеу есімдік мағынасында қолданылатын сөздері де бар. Мысалы, қырғыз тіліндегі те-тиги, тээ, тээтетиги, береги сияқты сұрау есімдіктері оқшау, алыс, өте алыс тұрған заттарды керсетуге қолданылады. Тиги биздин чабдар ат го. Тээ тунелге жақындап, эшелондун артындагы. қызарған оту көрүнбөй калды. (Ч. Айтматов). Тетигп ч’ыгыштагы чоң коктуну демей деп коёбуз (Қ. Жантөшев), Бёрёгй чокунун күн чыгыш жагын карачы.

Түркі тілдерде сілтеу есімдіктерінің функцйясы өте кең, олар зат есімдердің, сын есімдердің, сан есімдердің, есімдіктердің, етістіктің де орнына қолданыла береді.

Мысалдар: Мына пәле бірдеңе істеді-ау, шамасы (Ә. Нұрпейісов). Бұл үйдің кілті жоқ болып шықты. (Қазақ ертегілері.) Эркектйн үйде жоктугу ушу да! («Ала-Тоо» журн.) —Қырғ. Бұлар ғадийишип йәргә чүшти. (Сәлқин)— ¥йғ.

Сұрау есімдіктері басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу үшін тәуелдік, септік, көптік жалғауларын қосып алады. Бірақ бұл жағынан барлығының қосымшаларды қабылдау қабілеті бірдей емес. Мысалдар: Неге істемейді?.. Қашанғы байлап жүрің? (Ғ. Мұстафин) Мунуң бири мениң хатым ахыры («Түркмен дили»). Элдин күткөнү берегиде келе жаткан чоң сакал Дмит-рий эле (Т. Сыдықбеков).

Изменен статус публикации
Добавить комментарий