0 комментариев

Үстеудің сөйлемдегі қызметі туралы  ақпаратты kyn.kz  сайтынан оқи аласыз.

Үстеулерде сөйлемдегі өзге сөздермен белгілі қарым-қатынасқа түсіп, қызмет атқарады. Олардың өздеріне тән тиісті синтаксистік қызметтерін тану үшін, біріншіден, үстеулердің сөйлемде қандай мүше болатындығын, екіншіден, үстеулердің қандай сөз таптарымен тіркесетінін, үшіншіден, үстеулердің сөйлемдегі орынын білу қажет.

  1. Үстеулер негізінен алғанда сөйлемде әр түрлі пысықтауыш мүше болып қызмет атқарады. Мысалы: Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым (Абай); Әлібек амалсыздан тоқтады деген сөйлемдердегі ерте, амалсыздан үстеулері етістіктен болған баяндауыштарды пысықтап тұр.
  2. Үстеулер осы жоғарыдағы сияқты етістіктен болған басқа мүшелерді де пысықтайды. Мыс: оның еміс-еміс білетіндері – қызыл балықтар ғана деген сөйлемдегі еміс-еміс үстеуі білетіндері деген етістік формасынан болған бастауышты пысықтап тұр.
  3. Үстеулер есімнен болған баяндауышты да пысықтайды. Мыс: Бозбаламын мен де енді (т) Бүгінгі колхозшылар шетінен сауатты деген сөйлемдерде енді үстеу, бозбаламын деген баяндауышы, шетінен үстеуі, сауатты деген баяндауышы пысықтап тұр.
  4. Сөйлемде үстеулер қанша да болсын өздерінің пысықтайтын я айқындайтын сөздерінен бұрын тұрады. Бірақ үстеулердің ішінен орын толғамайтыны – мезгіл үстеулер. Егер олар баяндауыштан басқа мүшелердің біреуін пысықтаса, тікелей сол пысықтайтын мүшенің алдынан бұрын тұрады. Ал баяндауышты пысықтаса, онда (баяндауыштан) алшақ та тұра береді.

Үстеулердің басқа топтары өздерінің пысықтайтын мүшелерінің тікелей қасында тұрады. Егер бірнеше үстеу қоса-қабаттаса қолданылса, ең әуелі орында – мезгіл, одан кейін – мекен үстеуі, одан кейін –мақсат, себеп, сын үстеулері тұрады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий