0 комментариев

Үстеудің шырай формалары туралы мәліметті kyn.kz  сайтынан оқи аласыз.

Үстеу қазақ тілінде түрленбейтін сөз табы деп есептеледі. Бірақ бірсыпыра мезгіл, мекен үстеулері сын есімнің шырай формасын жасайтын жұрнақтарын (-рақ, -рег) қабылдап, қимылдың орындалу белгісінің әр түрлі дәрежеде іске асатынын көрсетеді. мысалы, кеш керек, ертерек, бұрынырақ, ілгеріректе т.б. сондай-ақ тым жоғары, аса ерте, өте кеш, тым әрі, өте тез, тым жылдам сияқты күшейткіш сөздер арқылы асырмалы шырай формалары жасалады.

Жоғарыда келтірілген мысалдарға сүйене отырып, үстеулердің түрленетін сөз табы ретінде қабылдануға болады. Бірақ кейбір үстеулердің шырай формаларын қабылдауына байланысты үстеуді түрленетін сөз табы ретінде қабылдау дұрыс емес дейді. Кейбір тілші ғалымдар (мырзатай Ирғалиев, Абытбай Айғабылов, Брол Күлкенова қаз. қазақ әдеби тілі 84 бет) Олар өздерінің мынандай дәлелдерін келтіреді: Біріншіден, шырай тудыратын жұрнақтар (рақ, рек)және асырмалы шырай тудыратын өте, тым, аса, орасан сияқты сөздер барлық үстеуге жалғанып, не тіркесіп айтыла алмайды. Санаулы мезгіл, мекен, сын-бейне үстеулерге ғана тән болып келеді.

Екіншіден, шырай формасында қолданылатын үстеулер табиғаты жағынан сын есімге өте жақын. Олар тіпті тілімізде сын есім ретінде қолданылып та жатады. Мысалы: жоғары мектеп, төмен адам, ілгері ой, ерте егіс, жылдам бала т.б.

Бұл екі дәйекке сүйене отырып, кейбір үстеулер шырай формаларын жасаса, олардың (үстеулердің) сын есімдеріне түрленетіні деп түсінген абзал.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий