0 комментариев

Синтаксис дегеніміз не ? Ол нені зерттейді ? Синтаксис термин ретінде неше мағынада қолданылады ? Синтастиктік жүйе дегеніміз не ? Синтаксис ғылым жөнінде неше салаға бөлінеді ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Синтаксис саласы сөйлемнің құрылысын зерттейді. Синтаксис гректің sintaxic деген сөзінен алынған. Бұл сөздің бастапқы мағынасын құрау. Синтаксис термин ретінде екі мағынада жұмсалады. Бірі “сөйлеудің құрылыс жүйесі” деген мағынада, екіншісі – тіл ғылымының (грамматиканың) бір саласының аталуы мағынасында.

Синтаксистік жүйе – қазақ тілі конструкциясындағы бір деңгейі. Ол – тілдің лебізді білдіру, жариялау қызметін атқаратын жүйе. Тілдің басқа коммуникативтік қызметі осы жүйе арқылы жүзеге асады.

Қазақ тілінің синтаксистік жүйесінде лебіздің мазмұн түрлеріне сай қалыптасқан синтаксистік тұлғалар бар.

Сөз – тіл білімінің барлық салалары мен деңгейлерінің нысаны болып келеді. Демек, сөз – синтаксистің де нысаны. Сөз синтаксисінің өзіндік ерекшеліктері бар. Екінші сөзбен айтқанда, синтаксис сөзді өзіне (синтаксиске) тән ерекшеліктері тұрғысынан қарастырады. Ол ерекшелік – тіркесімділік, яғни сөз синтаксистің қарауына түскенде, екі немесе бірнеше сөздің бағыныңқы-басыңқылық байланыс ыңғайынан зерттеледі.

Синтаксис морфологиялық тұлғаларды өзінше жұмсап, тек синтаксиске ғана тән формалар құрайды. Морфологиялық форма мен синтаксистік форманың айырмашылығы бар. Морфологиялық форма синтаксис үшін қызмет етпей, тек сөздің мағынасын, түрін құбылту үшін жұмсалатындары бар.

Морфологияны оқыту үстінде сөздің морфологиялық формасы немесе қысқаша морфологиялық форма деген атаумен белгілі грамматикалық ұғым аталып жүрді.Тілдің синтаксистік саласында да өзіне тән қалыптасқан форма – синтаксистік форма бар. Мысалы, сөйлем мүшелерінің түр-түрінің арнаулы көріну формасы бар. Сол сияқты болымды, болымсыз сөйлемдер, сұраулы, лепті, хабарлы сөйлемдер де белгілі синтаксистік формалары арқылы өзара ажырасады.

Синтаксис жөніндегі ғылым жалпы 3 салаға бөлінеді. 1. Сөз тіркесінің синтаксисі. 2. Жай сөйлем синтксисі. 3. Құрмалас сөйлем синтаксисі. Оның сала-салаға бөлінуі тілдің синтаксистік құрылысының дара тетіктерінің, бөлшектерінің ыңғайына, оларды зерттеп тану мақсатына байланысты болып келеді.

Сөз тіркесі екі мағыналы сөздің бір-бірімен мағыналық байланысы. Жай пікірді айтуға жай сөйлем қызмет етеді. Күрделі пікірді айтуға құрмалас сөйлем қызмет етеді. Мазмұны бұдан күрделі лебізді айтуға синтаксистік шалым, мәтін деп аталатын тұлғалар қызмет етеді.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий