0 комментариев

Сөз жасам дегеніміз не ?  Сөзжасамдық тізбек неше сөзден тұруу керек?  Сөзжасамдық тізбек қалай жасалады ? Осы сұрақтың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz оқи аласыз.

Негіз сөздің өзі басқа сөзбен салыстырғанда негізді сөз бола береді. Мысалы, жиын деген сөз жина сөзіне негіз сөз болады, ал жи деген сөзбен салыстырғанда, ол негізді сөз.

Мүндай сөздер сөзжасамдық тізбекте кездеседі. Мысалы: біл —> білім —> білімді —> білімділік, жи —> жиыр —> жирыл > жирылгыш —> жиырылгыштыц, өн —> өнім —> өнімді —> өнімділік, бос -> боса —> босац —> босацдьщ > босацдат —» босацдаткыз, ен -> енші —> еншілес —> еншілестік, кіш —> кішір —> кішірей —> кішірейт —> кішірейткіш, сүй —> сүйін —> сүйініш —> сүйінішсіз —> сүйінішсіздік т.т.

Сөзжасамдық тізбектің әр буынынан әрі қарай тағы да басқа тізбектер жасалуы тілде жиі кездеседі. Жоғарыда келтірілген біл етістігінен тараған сөзжасамдық тізбектің екінші буынынан әрі қарай басқа тізбектер өрби береді. Мысалы: біл —> білім —> білімпаз —> білімпаздан, біл —> білім —> білімдар —> білімдарлық. Бұдан сөзжасамдық тізбектің бірнеше тармақты болып келетінін көреміз. Ондай тармақтар екінші, үшінші буындардан басталады.

Сөзжасамдық әр тізбек негіз сөзден басталып, негізді сөзбен аяқталады. Сөзжасамдық тізбекте негізсіз сөз және негіз емес сөз біреу, қалғандары негізді сөздер болады. Тізбектің алғашқы мүшесінен бастап, ең соңғы мүшеге дейінгілердің бәрі өзінен кейінгі сөзге негіз болады. Мысалы, біл —> білім —> білімсіз —> білімсіздік деген сөзжасамдық бір ғана қатарды алсақ, онда біл-білімнің, білім- білімсіздің, білімсіз — білімсіздіктің негізі. Ал осы қатардағы негізді сөздер — білім, білімсіз, білімсіздік. Сөйтіп, келтірілген сөзжасамдық қатарда төрт сөз бар, бірақ негіз сөз де үшеу, негізді сөз де үшеу ғана. Әр қатардың бірінші мүшеден бастап, соңғы мүшеге дейінгі сөздер негіз сөз бо-лады, екінші мүшеден бастап, қалған мүшелердің бэрі негізді сөзге жатады.

Сөзжасамдық бір тізбектегі бірінші жэне соңғы мүшеден басқалардың бэрі эрі негіз, әрі негізді мүше қызметін атқарады. Мүнда бір негізсіз мүше бар, ол — біл, негіз емес бір мүше бар, ол — білімсіздік.

Қазақ тілінде әр сөзжасамдық тізбекте 3 сөзден бастап, бес, кейде алты сөзге жетуі мүмкін. Бірақ тізбекте 6 сөз өте сирек кездеседі, 3 сөзден түратын сөзжасамдық тізбек өте жиі кездеседі. Оның есесіне бір түбірден бірнеше сөзжасамдық тізбектің жасалуы тілдегі өте жиі кездесетін қүбылысқа жатады.

Жоғарыда келтірілген таблицадан бір ғана біл етістігінің өзі 13 сөз-жасамдық тізбек бергенін көріп отырмыз. Әр тізбекте 4-5 сөзден жасалғанын ескерсек, оның қанша сөздің жасалуына негіз болғанын аңғару оңай. Бұл қазақ тіліндегі негізгі түбір сөздердің сөзжасамдық күшті қабілетін және тіліміздің лексикалық байлығын арттырудағы қызметін көрсете алады. Өйткені мұндай жағдай — негізгі түбір сөздерге ортақ құбылыс. Басқа негізгі түбір сөздер де осындай талай сөздердің жасалуына негіз болған. Оған мысалды көптеп келтіруге болады. Мысалы: ек —> егін егінші —> егіншілік ->

егіншШксіз, бүр —> бүрке —> бүркеме —> бүркемеле —> буркемелет —> бүркемелеттір, ор —> орын —>. дыц —> сыз, өр — ім —> өрімде —> өрімдет —> өрімдеткіз, бір —> бірік —> біріктір —> біріктіргіз, ой —> ойла—> ойлат—> ойлатцыз, бас —> баскар -> баскарма —> баскармагиылыц, бат —> батым —> батымды —> батымдылыц, өн —> өнім —> өнімді -> өнімділік, т.б.

Мұнда бір түбірден тараған бір ғана сөзжасамдық тізбекке мысал келтірілді. Осы түбірлерден тек келтірілген сөзжасамдық тізбек қана жасалып қоймайды, олардан тағы да басқа толып жатқан тізбектер жасалған. Тек бас деген түбірден жасалған сөзжасамдық тізбектердің саны біл сөзінен жасалған тізбектерден көп.

Қазақ тіліндегі негізгі түбір сөздердің тілге берген сөзжасамдық тізбектеріне қарап, олардың тілді байытудағы қызметі ерекше екенін толық бағалауға болады, Сөйтіп, бір түбірден тараған бірінен-бірі тікелей туындайтын, біріне-бірі негіз болатын негізді сөздердің тобы сөзжасамдық тізбек деп аталады. Бір сөзжасамдық тізбектегі сөздің саны ең кемі үш сөзден түру керек.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий