0 комментариев

Сөзжасам дегеніміз не ? Қандай ғалымдар сөзжасамға қатысты пікірлер қалыптасқан ? Осы сұрақтың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Сөзжасам тіл білімінің жеке, дербес саласы, оның өзіндік зерттеу объектісі бар. Бұл саланың объектісіне сөз жасаушы тәсілдер, сөз жасаушы тілдік нұсқалар сөзжасамдық типтер мен тізбектер, сөздердің жасалу үлгілері, туынды сөздер, олардың түрлері, сөзжасамдық заңдылықтар мен мағына, сөзжасамның сөз таптарына қатысы сияқты күрделі — күрделі мэселелер жатады. Басқаша айтқанда сөзжасам тілдегі сөзжасау процесімен байланысты барлық құбылыстар мен заңдылықтарды зерттейді.

Қазақ тілінің қазіргі кезде эбден қалыптасқан өте күрделі сөзжасам жүйесі бар. Бұл тілдің дамуымен бірге дами отыра, талай даму сатыларынан өтіп, эбден толығып, күрделеніп, екшеліп, қырналып қазіргі өте жүйелі дэрежеге жеткен. Басқаша айтқанда, тіліміздің эбден қалыптасқан, орныққан, күрделі, өте жүйелі сөзжасамы — үзақ уақыттағы дамудың нэтижесі.

Қай тілде де сөзжасам ертеден келе жатқан тілдік қүбылысқа жататыны белгілі. Түркі тілдерінің ең көне жазба ескерткіштерінің тілі бүл мэселеге толық куэ бола алады. Көне жазба ескерткіштер тілінде негізгі түбір сөздер-мен қатар туынды сөздер болғаны белгілі. Олар: туынды түбір, күрделі сөз, бір сөздің бірнеше мағынада қолданылуы түрінде кездеседі. Басқаша айт-қанда, көне жазба ескерткіштер тілінде жаңа сөз жүрнақтар арқылы (тір-іг, біл-іг, ур-уш, иел-ме, өт-унч), сөздердің тіркесуі арқылы жасалды (күнтүз, Темірцапыг, Қара ңүм, Ілте-ріс, арцыш-тіркіш, секіз он, йеті йуз), сол сияқ-ты бір сөздің бірнеше мағынада қолданылуы да сөзжасам жүйесіне жатады: (қат, 1) қабат, қатар, 2) жеміс, 3) жануардың аты, 4) қату, 5) араластыру). Келтірілген мысалдар көне түркі тілінде сөзжасамның синтетикалык, аналитикалық, семантикалық тэсілдері болғанын анық көрсетіп түр.

Ғ. Айдаров жазба ескерткіштер тілінде сөзжасам тәсілдерінің түрлілігін, оның тілдің даму тарихында біртіндеп қалыптасқанын айтады. Көне түрік тілі қазіргі түркі тілдерінің алғашқы түп негізі екеніне сүйенсек, онда көне түрік тілінің сөз жасалымы қазақ тіліне де жат емес. Ғ. Айдаров өзінің еңбектерінде көне жазба ескерткіштер тілінде сөз тудырудың қазіргі тірі түлғаларының бірсыпырасы барын және өлі түлғалардың кездесетінін де айтады.

Бүдан тілдің сөзжасам жүйесі көне күбылыстарға жататыны анық байқалады. Өйткені сөз жасаушы элементтер, — сөз жасаудың тәсілдері, модельдері күнде қүбылатын, күнде жаңаратын қүбылыстар емес. Алайда бүл жүйе тілдің даму процесінен де тыс қала алмайтыны жоғарыда айтылған. Сондықтан сөз тудырым жүйесінде де өзгеріс болады, бірақ ол өте баяу болады және ол көбіне тілде бар модельдердің белгілі бір кезеңде активтенуі, не пассивтенуі, мағынасының кеңеюі, кейбір типтердің қолданудан шығуы сияқты өзгерістер ретінде болады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий