0 комментариев

Асқабақтың қандай пайдасы бар ? Оның құрамныда қандай дәруемендер бар ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Ғылымға құлақ түрсеңіз, асқабақты зұлым күштерге қарсы қолдана алмағаныңызбен, ерте қартаюға, түрлі ауруларға қарсы пайдалануыңызға әбден болады. Нақтыласақ:
Біріншіден, асқабақтың құрамында темір бар. Яғни, оны қаны аздықтың алдын алу мақсатында пайдалана аласыз. Темірмен қатар, асқабақта басқа көкөністерде кездесе бермейтін К және Т витаминдерінің болуы да қан құрамына оң ықпалын
тигізеді. Т витамині тромбоциттердің түзілуі үшін қажет зат болса, К витамині де қан құрамындағы түзілістерге әсер етеді.
Екіншіден, асқабақ ағзадағы зат алмасу процестеріне оң ықпалын тигізеді. Мыса-лы, жоғарыда аталған Т витамині зат алмасу процесін жеделдетеді, сол арқылы се-міздіктің алдын алуға жәрдемдеседі.
Асқабақ құрамындағы пектиндер — холестериннің «жауы». Сондықтан дәрігер-лер оны атеросклероздың алдын алу мақсатында да пайдалануға кеңес береді.
Үшіншіден, асқабақ — каротинге бай көкөністердің бірі. Ал каротиннің көздің көру қабілеті үшін аса қажет зат екені белгілі. Сондай-ақ, ғалымдардың айтуынша, каротиннің онкологиялық аурулардың алдын алуға септігі тиетін қасиеті де бар.
Тағы айтсақ: ежелгі Үндістанда асқабақ жастық шақты ұзартатын көкөніс санал-ған екен. Бүгінгі ғылым мұны асақабақ құрамындағы Е витаминімен байланысты-рады: бұл витамин күшті антиоксидант боп табылады.
Асқабақ құрамында Е витаминінен өзге, С және В тобы витаминдері бар.
Микроэлементтерге келсек, асқабақ жұмсағында жоғарыда аталған темірден өзге, магний, калий, кальций, фосфор және фтор бары анықталған.
Жалпы, асқабақтың 100 грамында: 5,1 мг Е витамині; 400 мг каротин; 450 мг кальций; 43 мг С витамині; 0,07 мг В1 витамині және 0,09 мг В2 витамині бар.
Асқа¬бақтың шипалық қасиеттеріне тоқталсақ, жүрек әлсіздігінен жүдеген-дерге ем ретінде қолданылатын асқа¬бақтың ішіндегі жұмсақ жерін, яғни «етін» дә-рігерлер отқа немесе суға күйген науқастарға жарасын таңуға кеңес береді.
Асқабақ көру қабілеті нашарлағандарға, қаназдықтан жапа шегетіндерге кө-мек бере алады. Құрамындағы жасанды талшықтың, судың және жасұнықтың көп мөлшерінің арқасында артық салмақтан арылғысы келетіндер үшін де таптыр-майтын ем.
1. Ішек құртынан құтылғыңыз келсе……
200 грамм кепкен, өткен жылғы тазаланған, ұсақталған асқабақтың дәні, 100 грамм какао, аздаған қант, бірнеше тамшы су құйып араластырып, жұқа 20 шелпек жасап, қант себеді. Бірінші күні ештеңе ішіп – жемеу керек. Ертеңіне таңертең 1, 5 – 2 үл-кен қасық касторка майын ішіп, шелпек жеңіз, әр минутта біреуден бітіргенше, құрттар тез шығады. 200 грамм асқабақ дәнін итбүлдіргеннің шырынымен аралас-тырып, қою ботқа жасайды. Кешке жатарда тұздалған балық жеп, таңертең ботқа-ның жартысын жейсіз, тағы 1 сағаттан соң қалғанын жеп, 2 сағат жату керек. Сағат таңертең 8 – де 1 үлкен қасық касторка майын ішкен жөн.
Сондай – ақ жусанның жапырағы мен асқабақтың дәнін бірдей мөлшерде алып, бөтелкеге арақ құйып, 1 апта жылы жерде не күннің көзіне тастайды. Аш қарынға күніне 2 рет 50 грамнан ішеді, құрттар шығады.
2. Жүрек ауру.
Жүрек – тамыр аурулары мен бүйректің әр түрлі аурулары үшін пайдалы. Асқа-бақтың калориялығы төмен, сондықтан одан жасалған тамақтар семіздіктен зардап шегушілер мен толысуға икем адамдар үшін пайдалы. Асқабақты асқазан мүшелері ауырған кезде емдік тағам ретінде пайдаланады, өйткені, онда клетчатка мен орга-никалық қышқылдар аз, ал мұның өзі ішектің шектен тыс ауруына жол бермейді, ішек пен қарынның шырышты қабығын түршіктірмейді.
3. Бөртпеге, безеуге, экземаға, қабыну процестеріне, күйік пен үсікке қарсы.
Жас асқабақтың үгілген жұмсағы денедегі бөртпеге, безеуге, экземаға, қабыну процестеріне, күйік пен үсікті басады. Дәндерінің қайнатпасын гельминтоздарды емдегенде қолданады.
Асқабақ ағзаны шлактан тазартып, зат алмасуды тұрақтандырады. Несеп жыныс жүйесінің көптеген ауруларын емдеуге көмектеседі. Несеп айдаушы, қабынуға қар-сы, өт айдағыш қасиеті бар және де паразиттерді жояды
4. Ұйқысыздыққа қарсы сусын
Ұйқысыздық мазалаған жағдайда да асқабақтың көмегіне жүгіне аласыз. Ол үшін асқабақ қайнатылған суға бал қосып, араластырыңыз. Жатар алдында стакан-ның үштен біріндей ғана мөлшерде ішу керек.
Асқабақ қуықта тас жиналмауы үшін де пайдалы саналған. Бұл оның құрамында су мен калийдің мол болуымен түсіндіріледі.
Жиі іш қатқан жағдайда, асқабақты шикі күйінде пайдаланады: 250-300 гр асқабақты үккіштен өткізіп, үшке бөліп, күніне үш рет, тамақтан бұрын жеу керек.
5. Теріге кіре өскен тырнақ
Бас бармақтың қисық өскен тырнағы теріге кіре өсуі аяғыңызды ауыртып,мазаңызды алуы мүмкін.
Асқабақтың ішінен бір бөлігін тіліп алып,тырнақ үстіне қойып,полиэтилинмен қаптап орап тастау керек. Сол оралған аяқпен 2 күн жүреді.Үшінші күні тері жұмсарып,тері ішіне кіріп кеткен тырнақ оңай алынады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий