0 комментариев

Асқабақ дәні қандай мақсатта қолданылады ? Оның құрамында қандай дәруемендер бар ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты ky.kz сайтынан оқи аласыз.

Асқабақ дәні емдік мақсатта кеңінен қолданылады. Ғасырлар бойы оны ішек құрттарына (глист) қарсы дәрі-дәрмек орнына пайдаланған.
1.Ішек құртымен күресе алады.
Асқабақ дәнінің 300 грамын ұнтақтап, үстінен бал қосып, әбден араластырады. Мұны бір сағат бойы аз-аздап қана аш қарынға жеу керек. Ал 4-5 сағаттан кейін майсана (кастор) майын ішіңіз.
Асқабақ дәнінің ішек құрттарына қарсы қасиетін ғылым да мойындайды. Мұның сыры оның құрамындағы кукурбитин аталатын затпен байланыстырылады.
2.Асқабақ дәнінің құрамында мырыш көп.
Ал бұл элемент жетіспеген жағдайда, ағ-заның тартар зардабы аз емес: шаш түседі; бетке безеу қаптайды; сондай-ақ мырыш тапшылығы ойлау қабілетіне, көзге, ас қорыту мүшелерінің жұмысына кері әсерін тигізеді. Сондықтан мамандар ағзада мырыш тапшылығының алдын алу мақсатын-да да асқабақ дәнін жиі пайдалануға кеңес береді.
3. Асқабақ дәні 28 пайыз белоктан тұрады. Бұл оның құнарлылығын арттырады. Асқабақ дәнінен даярланған «Тыквеол» дәрісі медицинада бауыр ауруларын емдеу-ге, сондай-ақ биологиялық белсенді қоспа ретінде де қолданылады. Ал асқабақ дәнінен әзірленген май туберкулез, ішек дерттеріне қарсы пайдаланылады.
Ескерту!
Асқазан-ішек жолдары қатты бұзылған, ішек жолдары зақымданған,асқазан шырынының қышқылдығы жоғары адамдарға асқабақ дәнімен әуестенбеуге кеңес беріледі.
Сөйтсе де, асқабақты емдік мақсатта пайдалану үшін, міндетті түрде дәрігермен кеңесу керектігін ескертеміз. Мысалы, асқазан жарасы бар, т.б. созылмалы дерттерге шалдыққан жандар асқабақты өте аз мөлшерде ғана пайдалана алады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий