Ең алғаш машинаның ойлап тапқан кім ? Автомобиль грек тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді ? Карл Бенц деген кім ? Ол қай жерде оқыған ? Ең алғашқы машинасы қалай сатылды ? Осы мақсатына жеті жолында қандай қиыншылықтарға кезікті ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.
Ең алғашқы бумен жүретін автокөлікті француз азаматы Николас Джозеф Кагнот 1769 жылы ойлап тауыпты. Бар болғаны сағатына 4 шақырым жылдамдықпен жүргенімен, бұл автокөлік 5 тоннаға дейін жүк тарта алатын. Кейін көліктің төрт орынды нұсқасы шыға бастаған. Ал жанармаймен жүретін алғашқы көлікті 1885 жылы неміс өнертапқышы Карл Бенц 41 жасында ойлап тауыпты (Автомобиль гректің «авто» — «өзі» және латынның «mobilis» — «қозғалатын» деген сөздерінен шыққан).
Бенц өздігінен жүретін арба жасау туралы ойнынан қайтпай, тәжірибе үстіне тәжірибе жасай береді. Ақшаның барлығы осы тәжірибеге кетеді. Бірақ әзірге нақты нәтиже жоқ. Ақырында банктің өзі Бенцтің фирмасын қаржыландырудан бас тартады. Осы қиын кезеңде оған әйелі үлкен сүйеу болады. 1879 жылы Бенц өзінің жасаған моторын патенттеуге талпынады. Моторды сараптау барысында дәл осындай қозғалтқышты бұдан бұрын Ұлыбританияда патенттеп қойғанын біледі. Осының өзі оған мотор жасап шығаруға құқық беретін еді. Өзіне жаңа серіктестер тапқан ол өнеркәсіп қозғалтқыштарын шығаратын кәсіпорынды ұйымдастырады. Бұл кездері мұндай қозғалтқыштарға сұраныс өте жоғары болатын. Осындай тұрақты моторлар жасаумен бірде Бенц өздігінен жүретін арба жасау жөніндегі жұмыстарын да жалғастырады. Бұның бәрі негізгі жұмысқа кесірін тигізді және серіктестерінің де ашуын келтірді. Оларды да түсінуге болады. Нақты жұмыс үшін банктен алған ақшаны Бенц әлдебір түсініксіз тәжірибелер үшін жұмсай беретін.