0 комментариев

НАТО-ның құрылымы туралы толық ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

НАТО-ның жоғарғы саяси органын Солтүстік Атланталық Кеңес (НАТО Кеңесі) атқарады. Кеңес барлық мүше елдердің өкілдерінен (елші лауазымдары ретінде) құрылып, бас хатшының басқаруымен 2 жылда бір өз мәжілісін өткізеді. НАТО сыртқы істер министрлері және мемлекет пен үкімет басшылары деңгейінде де отырыстарын өткізіп тұрады, әйтсе де бұл отырыстары сыртқы істер министрлері отырысындағыдай ғана дәрежесі бар. Кеңес шешімдерді бір дауыстан қабылдайды. Сессиялар арасындағы уақытта Кеңес функцияларын блоктың барлық мүшелері елші ретінде жіберген өкілдерінен тұратын НАТО Тұрақты кеңесі атқарады.

Жоғарғы әскери-саяси органы қызметін 1966 жылдан бері жылына екі рет қорғаныс министрлер деңгейінде бас қосатын, бірақ тұрақты өкілдерінен тұратын Әскери жоспарлау Комитеті атқарады. Сессия-аралық уақытта бұл комитет қызметін барлық мүше елдер елші дәрежесіндегі өкілдерінен тұратын Тұрақты әскери жоспарлау комитеті атқарады. НАТО-ның жоғарғы әскери органы – Әскери комитет. Жылына кем дегенде екі дүркін жиналып тұратын бұл Комитет мүше елдер бас штаб басшылары мен қарулы күштері жоқ Исландияның азаматтық өкілінен тұрады. Әскери комитет өзіне бағынышты екі аймақты қамтиды:

Еуропа мен Атлантика. Еуропадағы жоғарғы басшылықты жоғарғы қолбасшы (әрқашан – американдық генерал) басқарады. Оның қол астына үш ұрыс алаңы басшылығы кіреді: Солтүстік еуропалық, Орталық еуропалық және Оңтүстік еуропалық. Сессия аралық уақытта бұл комитет қызметін Тұрақты әскери комитет атқарады.

НАТО негізгі органдарына әдетте жылына екі рет қорғаныс министрлері деңгейінде көбінше НАТО Кеңесі мәжілісі болар алдында жиналатын Ядролық жоспарлау тобы да кіреді, Исландияның өкілі болып бұл топта азаматтық байқаушы қатысады.

НАТО ресми тілдері ретінде ағылшын мен француз тілдері пайдаланылады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий