0 комментариев
Кариб дағдарысы қай жылы болды ? Бұл дағдарыс қай елдер арасынды болды ? Кариб дағдарысының шығу себебі неде ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.
Кариб дағдарысы — 1962 жылы күзде КСРО мен Америка Құрама Штаттар арасында Кубаға байланысты пайда болған жанжал. Кеңес үкіметі 1962 жылы қазан айында ядролық зымырандарды Куба жерінде орналастырғысы келді. Кубалықтар оны «Қазан дағдарысы» деп атайды, АҚШ-та «Кубалық зымыран дағдарысы» деп атау алды.

1959 жылы қаңтарда Кубадағы төңкеріс нәтижесінде үкімет басына коммунистер келіп, құлатылған үкімет жақтаушылары АҚШ-тан көмек сұрады. АҚШ кубалық эмигранттардан қарулы жасақ ұйымдастырып, олар 1961 жылы сәуірде Кастро үкіметіне шабуыл ұйымдастырды. Шабуыл сәтсіз аяқталғанымен АҚШ Кубадағы коммунистік үкіметтен құтылу пиғылынан бас тартқан жоқ. Ал КСРО үкіметі Кастро режимін сақтап қалуға тырысты. Осы мақсатта КСРО басшылары Кубаға Кеңес Одағының ракеталарын орналастыру жөнінде құпия шешім қабылдады. 1962 жылы тамызда АҚШ-тың барлау мекемесінің басшысы президентке Кубада ракеталық кешенге ұқсас күдікті құрылыс салынып жатқанын мәлімдеді. Мұқият барлау нәтижесінде Кубаға КСРО-дан 42 ракета, 40 мың әскер орналастырылғаны мәлім болды. АҚШ үкіметі КСРО Сыртқы істер министрлігінен Кубаға орналастырылып жатқан қару жөнінде нақтылы жауап ала алмағаннан кейін, 22 қазан күні Кубаны теңізден де, әуеден де қоршауға алып, оқшаулады. 27 қазан күні кеңестік зенитшілер Куба әуе кеңістігін барлап жүрген АҚШ ұшағын атып түсірді. АҚШ әскерилері президенттен Кубаны дереу атқылауға рұқсат беруін талап етті. Президент 28 қазан күні шешім қабылдауға тиіс болды. Сол күні таңертең Кеңес үкіметі өз әскерлері мен ракеталарын кері әкететінін мәлімдеді. АҚШ өз тарапынан Кубаның қауіпсіздігіне кепілдік беретін және бұрын басып алған Гуантамо әскери-теңіз базасын кері қайтаратын болды. Сөйтіп, әлем ядролық соғыс қаупінен құтылды.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий