0 комментариев

Телевизор сөзі қандай мағына береді ? Теледидардың пайда болуына қандай ғалымдар өз үлестерін қосты?Катодты сәулелі түтікше дегеніміз не ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласың.

Теледидардың шығу тарихы туралы сөз етпес бұрын «телевизор» сөзінің мағынасына мән беріп көрелік. «Телевизор» латын тілінен аударғанда «алыстан көруші» деген мағынаны білдіреді екен. Әрине, теледидарды бір ғана өнертапқыш ойлап таппаған. Теледидар пайда болғанша қаншама физиктер, ғалымдар еңбектеніп, ізденді. Ең алғаш 1884 жылы неміс өнертапқышы Пауль Нипков тесіктері бар, спираль тектес дискіні ойлап тапты. Бұны теледидардың механикалық бір түрі деп айтсақ та болады. Нипков дискісі пайда болған соң арада 14 жыл өткенде катодты-сәулелі түтікше ойлап табылды. Дәл осы түтікше бүкіл лампалы теледидарлардың пайда болуына негіз салды. Оны ойлап тапқан Джонатан Ценнек пен Фердинанд Браун еді.

Сондай-ақ, электронды-сәулелі түтікшені жасаушылардың бірі – ресейлік профессор Борис Розинг 1907 жылы жаңа өнертабысы үшін патент алды. Мұндай ұқсас құрылымдар өзге елдерде де жасалған еді. Бірақ, нағыз электрондық теледидарды жасауда Розингтің шәкірті В.К.Зворыкиннің үлесі зор болды. 1917 жылдан бері АҚШ-та білім алған дарынды ғалым 1923 жылы әлемдегі алғашқы иконоскопты ойлап табады. Ал 1933 жылы бейне сигналды дүниеге әкеледі.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий