0 комментариев

Алғашқы эфир қай жылы және қай елде көрсетілді ? Ең алғашқы бейнелеген бейне ? Оның сапасы қандай болды? Ал КСРО – ның алғашқы эфирі қай уақытта болды ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Жалпы, теледидардың өмірге келуінде АҚШ пен Шотландия ғалымдарының үлесі зор. 1925 жылы шотландық инженер Джон Лоджи Байрд өз құрылғысынан адамның басын көрсетуге қол жеткізеді. Үш метр қашықтықтан бейнені көру ол уақытта үлкен сенсация болатын. Жылтылдаған бейне экраннан көрінгенімен, тұнық емес еді. Өнертапқыш өз тәжірибесіне қаңылтырды, картон дискісін, бос қорапты және велосипедтің фонарын қолданған екен. Ал 1927 жылы америкалық Эрнст Александерсон тікелей эфирден адамның шылым шегіп тұрғанын көрсетеді. 

Осы жылдары АҚШ бірінші рет әлемге ең алғашқы теледидарларын шығара бастайды. Ал, екі айдан кейін эфирге «Патша әйелінің елшісі» атты бағдарлама шығады. Алғашқы телехабарлар АҚШ-та 1927 жылы, Ұлыбританияда 1928 жылы, Германияда 1929 жылы пайда болған. КСРО-дағы алғашқы Б-2 маркалы теледидар 1932 жылы Ленинградтың «Коминтерн»  зауытында жасалған. Оның экранының көлемі 3×4 см болатын. Ал, КСРО-дағы алғашқы тұрақты телехабарлар 1939 жылдан бастап беріле бастады.

1954 жылы алғашқы түрлі-түсті теледидар АҚШ-та пайда болады. Оның бағасы 1000 АҚШ доллары болатын. Қазіргі ақшамен есептегенде шамамен 8000 доллардай. Бірақ бұл теледидар жұмыс істеп тұруы үшін де жылына 1000 доллар ақша қажет болатын. 1962 жылы америкалық Telsar1 спутниктік телеарнасы әлемге бірінші рет тікелей эфирден бағдарлама таратты. Қашықтықтан басқаратын пульт 1975 жылы ойлап табылса, алғашқы плазмалық теледидар 1977 жылы дүниеге келген.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий