0 комментариев

Спичрайтер деген кім ? Оның қызметі қандай ?Ол қандай саланың мамандары ? Неге оларды көбісі біле бермеді ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Ірі компаниялардың басшылары мен саясаткерлердің барлығы сөз сөйлеген кезде экспромтпен сөйлейді деп ойлау – қателік. Көп ретте олардың сөзін арнайы спичрайтерлер (ағылш. speechwriter) жазады. Спичрайтерлер – жоғары мәртебелі адамдар айтатын мәтінді дайындайтындар.

Басшы не саясаткер сәтті қалжың, нақты факт айтса, шикі, қызықсыз, көнерген факт айтқандардан ерекшеленіп тұрады. Батыста спичрайтер – PR саласындағы негізгі мамандықтың бірі. Бұл адам мәтіннің мақсатын, тыңдайтын аудитория жайында алдын ала хабардар болып, сөйлеушінің мінезіне, лексикалық қорына назар аударады және тыңдармандарға қажетті әсер қалдыратын мәтін жазады.

Спичрайтер психолог, әртіст, әдебиетші, әрі саясаткер болуы қажет. Бұл мамандықтың иелері ылғи көлеңкеде қалады, себебі танымалдылық олардың қызметіне кері әсер етеді.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий