0 комментариев

Осман империясы мен Австрия арасындағы соғыс қай уақытқа дейін жалғасты ? Австрияға көмектескен қандай мемлекеттер болды ? Австралияға қарсы қай жылы кеңес жасалды ? Занта соғысының Осман империясына әсері ? Осман империясының әлсіреу себебі ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты  kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Австриямен арадағы соғыс XVII ғасырда да жалғасты. Австрия XVII ғасырда отыз жылдық соғыстың әсерінен қиын жағдайда еді. Түріктермен қайта соғысу үшін және сыртқы жағдайды бір қалыпқа келтіру үшін, жан-жақтан көмек іздей бастады. Осы мақсатпен, Испания, Венеция, Польша мемлекеттері, Папа және Бранденбург графтығы мен Бавария, Саксония, Швабия графтарына өтініш білдірді. Франция өзінің көмектеспейтіндігін және оған дұшпандық пиғылда екендігін білдірді. Ақыры, өзінің ұсыныстары мен өтініштерін қабыл еткізіп, келісімшартқа отырды. Венеция ұсынысты қабылдаумен бірге ірі соғыс жағдайына көшіп, бірақ өзінің одаққа кіргендігін сездірмеді .

Папа ХІ Иносан өзінің көмек беретіндігін білдіріп, католиктік бағытта болған мемлекеттердің барлығын Осман империясына қарсы соғысуға шақырды. Осыған байланысты, Австрияға жан-жақтан ақшалай және басқа да көмек түрлері келе бастады. Ең маңызды шекаралас күшті мемлекет Польша болды. Оның королі болған Жан Совесский, османдарға қарсы соғысуда Австрия билеушісі көмектеспегендіктен, оған өкпесі бар болатын. Бірақ, араға папа түсіп, бұл екі мемлекетті бір-бірімен табыстырып, екі ел арасында қуатты бір одақ құрылады. Поляктар соғысың соңына дейін австриялықтармен бірге соғысуға келісті және қырық мың әскер беріп, оған король өзі басшылық жасайтын болды.

Сондай-ақ, егер түріктер жеңіліс тапса, поляктар Бужаш келісімі бойынша османдарға өтіп кеткен жерлерді, тіпті, Богдан мен Ефлакты алатын болды. 1683 жылы қаңтарда сұлтан кеңес шақырып, Австриямен жаңа соғысқа дайындалады, жан-жаққа адам жіберіп, өзіне әскер жинайды. Жоспар бойынша, барлық әскер Белградқа жиналып, оған уәзір-ағзам басшылық жасайтын болды. Әскерлер 1683 жылы ақпанның соңында Эдирнеде жасақталған әскерлер Белградқа келді. Ал Австрияның жағдайына келер болсақ, 31 наурызда Осман империясына Австрия-Польша одағына қол қойылды.

Занта соғысы Осман империясының тарихындағы құлдырау кезеңінің ең ірі соғыстарының бірі болды. 1697 жылы қыркүйекте болған бұл соғыстан кейін-ақ түріктер жағы келісімге келуді ойластыра бастады. Занта соғысындағы австриялық әскердің басшысы болған Принц Ожен осы соғыстан кейін бір ай уақыт өткен соң, Босния территориясына кіріп, Боснияның үлкен қаласы Сарай қаласын тонап, оны өртеп  кері қайтты. Осындай сәтсіздіктер, Осман империясын 1699 жылы Австрия империясымен және басқа да еуропа мемлекеттерімен болған атақты Карлович келісімін жасауға мәжбүр етті. XVI-XVII ғ.ғ. Осман империясы, Еуропа мемлекеттерінің ішінде Австрия империясымен ұзақ уақыт бойы соғысып, бұл мемлекет Осман империясының әлсіреуіне бірден-бір себеп болады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий