0 комментариев

Осман империясы неше уәлаяттан тұрды? Уалаятты кімдер басқарды ? Осман империясы неше әлеуметтік топтан тұрды ? “Гайдуктер” дегеніміз кімдер ? Осы сұрақтардың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Осман империясы орта ғасырдағы әскери-феодалдық құрылымдағы мемлекет болды. Империя уәлаяттарға (облыстарға) бөлінді. I Сүлейман (1520-1566) кезінде Осман империясы 21 уәлаяттан құрылды. Уәлаяттар санжактарға бөлінді. Уәлаяттарды бейлер басқарды. Олар санжактарға да билік жүргізді. Ол азаматтық және әскери басқару түрінде жүргізілді. Бұлар сонымен бірге өз аймақтарындағы ірі жер иелері болды. Феодалдық иерархиялық жүйеге кірді.

Осман империясында сот жүйесі де болды. Сот жұмысын мұсылман қазы (кадилар) жүргізді. Сот ісін жүргізу орталықтандырылып, жоғарғы сот уәзірдің қолында болды. Діни бағыттағы сот істерін шейх-улъ-ислам жүргізді.

Осман империясы 4 әлеуметтік топтан тұрды: 1) Рухани феодалдар; 2) Әскери феодал; 3) Көпестер мен қала тұрғындары; 4) Шаруалар. Қала тұрғындары мен шаруалардың құқықтары шектеулі болды. Барлық жер мемлекет меншігі саналды. Жердің едәуір бөлігі феодалдарға уақытша меншікке берілді. Бұл уақытша берілген жер лен деп аталды. Леннің иелері сипахилер болды. Олар сұлтанның атты әскерінде қызмет атқарып, өздерінің лендерінің мөлшеріне сәйкес жорыққа белгілі бір әскер шығаруға міндетті еді.

Империяның қол астында қалған халықтар түрік езгісіне қарсы күресін тоқтатпады. Болгар және серб партизандары өздерін «гайдуктер» деп атады. Олар мұсылман мекендерін өртеді, тонады, түрік әскерлеріне шабуыл жасап отырды. Ресей империясы славян халықтары болгар, сербтерді қолдап отырды. Алғаш рет ұйымдасқан көтеріліс 1598 жылы Тырново қаласында болды. XVI ғасырдың соңында, 1594 жылы серб халқы Австрия мемлекетінің көмегіне арқа сүйеп, түріктерге қарсы көтеріліске шықты. Болгар және серб халықтарының көтерілісшілері арасында бірлік болған жоқ, Осыны пайдаланған Түрік сұлтандығы Косово жеріне албан мұсылмандарын жер аударып, ондағы мұсылмандардың санын көбейтті. Түрік билігінен қашқан сербтер Воеводин жеріне орналасты. Түрік үстемдігі Балқан түбегінде 1389-1878 жылдарға дейін созылды.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий