0 комментариев

Памфлет дегеніміз не ? Ол қандай мақсатта жазылады? Памфлет пен көркем әдебиеттің қандай айырмашылығы бар ? Ең алғаш памфлет жанрында жазған кім ? Кімнің шығармаларынан памфлетті кездестіруге болады ? Осы сұрақтың жауабын және басқа да қызықты ақпаратты kyn.kz  сайтынан оқи аласыз.

Памфлет – жалпы саяси құрылымға немесе оның жеке жақтарына, қандай-да бір қоғамдық топқа, партияға, үкіметке т.с.с. (олардың жеке бір өкілдерін әшкерелеу арқылы) қарсы бағытталған шығарма.

Памфлеттің міндеті – белгілі бір жайды, адамды әшкерелеу, мазақ ету, масқаралау.

Памфлет әшкерелейтін қайраткердің образын жасай отырып, оны нақты бір даралық түрінде беруге тырысады – оның саяси өмірін, күнделікті тұрмыс-тіршілігін, жеке ерекшеліктерін сынайды. Мұның бәрі негізінен ол өкілі болып отырған партияның ұстанымдарына қаттырақ соққы беру үшін жасалады.

Осындай нақты адамды көрсетуге талпыныс памфлетті көркем әдебиетке, ал памфлетистің жұмысын жазушының жұмысына бір табан жақындатады. Егер жазушы «типтік характер» жасаса, памфлетте нақты адам, дәл фактілер келтіріледі, яғни шығармашылық, көркем қиял элементтері болмайды. Памфлет негізінен қайшылыққа құрылғандықтан, көбінесе көркем әдебиеттегі әзіл-сықақ, сатира түріне жақын болады. Осыған байланысты памфлетистің шығармашылық мәнері сатираның ерекшеліктерімен, әжуа, мысқыл, кекесін, гипербола т.с.сияқтылармен күрделене түседі.

Памфлет пен көркем әдебиеттің ара-қатынасы жан-жақты және нақты тарихи жағдаймен байланысты. Кейде памфлет көркем әдебиетте де орын алады, мысалы, Достоевскийдің «Бесы» (орысша) шығармасындағы Кармазинов бейнесі.

Тарихқа үңілсек памфлеттің ең бірінші шебері Эразм Роттердамский (1466-1536) болды. Оның ең танымал сатиралық шығармасы «Надандықты мадақтау» (Lob der Torheit, 1509).

Әйгілі памфлеттерден мысалдар келтірейін, қызыққандар оқып көрулеріне болады:

1. Гуттен мен Рейхлин «Надан адамдардың хаттары» (Epistolae obscurorum virorum, 1515-1517).
2. Гуттен (1488-1523) «Булла» (Bulla), «Ақылгөйлер» (Consilia, 1521), «Қарақшылар» (Praedones, 1521).
3. Свифт (1667-1745) «Кенепшінің хаттары» (Drapier Letters, 1724) және «Бөшкенің ертегісі» (Tale of a Tub, 1704).
4. Дефо «Диссиденттердің көзін құртудың ең қысқа жолы» (The shortest Way with the Dissenters, 1702).
5. Эдмонд Борк (E. Burk, 1729-1797) «Letters on a Regicide Peace» (1796).
6. Камилл Дюмулен «Фонардың париждықтарға хаттары» (Discours de la lanterne aux Parisiens, 1789).
7. Марат «Халықтың досы» (L’ami du peuple, 1789-1792)
8. Радищев «Петербордан Мәскеуге саяхат».
9. Белинский «Гогольге хат».
10. Гюго «Жұдырықтай Наполеон» (Napoléon le Petit, 1852)
11. К. Радек «Памфлеттер мен портреттер» (I , II тт.).

Сонымен бірге памфлетті Вольтер, Дидро, Энгельс, Маркс, В. И. Ленин, М. Горький және т.б. да жазды.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий