0 комментариев

Сүттің физикалық және биохимиялық қасиеттері мен тығыздылығы туралы мәліметті kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Сүттің физикалық қасиеттеріне тығыздылығы, тұтқырлығы, беттік керуі, тоқ өткізгіштігі, қайнау, қату температурасы жатады. Сүттің құрамын, оның қасиеттерін білудің сүт өңдейтін технологиялық құралдар дайындау үшін маңызы зор. Қазіргі уақытта өндірілген сүтті тез арада өңдеуден өткізу, оны тұтынушыларға жеткізу, сүт тағамдарын сату орындарында бұзылудан сақтау үшін жаңа талапқа сай техникалық тізбектер керек.

Тығыздылык. Сүттің тығыздылығы орта есеппен 1.030 кг / м3. Ол малдың тұқымына, оның жем шөбіне, сүт шығу уақытына, мінез құлқына т.б. жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Ауытқу мөлшері 1.026 – 1.032 кг / м -3 аралығында. Сүттің тығыздылығы арқылы оның табиғи сұйықтылығында білуге болады. Мысалы, сүтке су қосатын болсақ, оның тығыздылығы жоғарылайды. Мәселен, көк сүттің тығыздылығы шамамен 1.036 кг / м -3. Сиыр сүтінің тұтқырлығы – 0.0018 Па / с (Паскаль / секунд). Сүттің беттік керуі – 0.0439 н / м -1, қату температурасы – 0.53, – 0.57 0 C , қайнау температурасы – 100.2 0 С.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий