0 комментариев

Сүттің химиялық құрамы туралы ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Сүт – басқа ешқандай азық – түлік тең келмейтін аса бағалы тағамдық өнім. Өйткені организмге оның құрамды бөлігінің 95-98% – ы сіңеді. Сондай –ақ сүт – амин қышқылдарының , макро және микроэлементтердің, витаминдердің таптырмайтын көзі. Сүттің тағы бір қасиеті: түрлі азық түлікпен керемет үндесіп, адам тағамының биологиялық құндылығын көтереді. Өйткені сүт организмге түсетін қоректік заттардың көлемін арттырып, сонымен бірге май, ақуыз, көмірқышқылы, минералды тұздары, т.б. бірлесе, үндесе отырып, қоректік заттардың организмге сіңімділігін жақсартады.

Адамзат баласы сүтті сол күйінде де, өнеркәсіп орындары өңдеп шығаратын өнімдері күйінде де іше алады.

Жаңа сауылған сүттің дәмі жағымды, аздап тәтті, түсі ақшыл сары. Әрбір малдың сүтінің өзіне тән иісі бар. Оны жабық тұрған ыдысты ашқан уақытта сезуге болады. Консистенциясы бір қалыпты сұйық болады.

Кесте 1

Мал сүтінің құрамы

Мал түтігі

Құрғак зат

Майлылығы

Ақуызы

Лактоза

Күлі

Сиыр сүті

12.5

3.8

3.3

4.7

0.7

Бие сүті

10.3

1.25

2.15

6.5

0.4

Ешкі сүті

13.4

4.4

3.6

4.9

0.8

Қой сүті

18.2

6.7

6.3

4.3

0.9

Түйе сүті

13.6

4.5

3.6

5.10

0.7

Сиыр сүтінде судың массалық үлесі – 86%.Су барлық органдардың құрамына кіріп, онда әр түрлі қызмет атқарады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий