0 комментариев

Кез-келген адам өзінің талғамына қарай әтірді таңдайды. Біз сіздерге нағыз әтірді қалай таңдауға болатын бірнеше кеңес береміз. Бұл кеңестерді kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

1. Құтысына назар аударыңыз. Құты сапалы, ауыр шөлмектен жасалуы керек. Құтының сыртына оралған қаптаманы сипап көріңіз, ол жұқа болуы тиіс.

2. Бүріккіші болмайды. Иіссу мен парфюмериялық суда ғана бүріккіш болады. Ал әтір қымбат эфир майынан жасалатындықтан, онда бүріккіш болмайды.

3. Тек франциялық әтірді сатып алғыңыз келсе, құты сыртындағы мәтіндерге назар аударыңыз. Франциялық әтірлердің сыртында Made in France деген жазу болады. Мына нәрсені де білген жөн. Француздар әтір сөзін parfum деп жазады. Біз көбіне құтысында parfumе деп қате жазылған жалған әтірлерді кездестіріп жатамыз.

4. Штрих код. Франциялық өнімді алғыңыз келсе, штрих-кодына назар салыңыз. Бұл елдің штрих-коды 3 санынан басталады.

5. Иісінің ұзақ сақталуы. Сапалы әтірдің құрамында эфир майы болатындықтан, иісі 6 сағаттан артық сақталады.

Әтірдің сақталу мерзімі 2-3 жыл. Күн көзі түспейтін жерде қақпағын толық жауып ұстағаныңыз жөн.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий