0 комментариев

Қазақ халқы ұлы дала заңына сай  әр адамның өмір сүруде өзін бақытты сезінуіне қажетті дүниелерді – Жеті Қазына деп атаған. Сол жеті қазынасы бар адам өмірдің бар рахаты мен қызығын көрді деген сөз. Өйткені ол жерде ең қажетті дүниелер айтылған. Олай болса KYN.KZ сайты Жеті Қазына, Жеті Ырыс дегеніміз не? Сондай-ақ мұндай ғажайып  тізім әлемнің тағы қай елінде болды, олардың тізімінде  қазақтың тізімінен қандай айырмашылық бар?  деген сұрақтарға жауап береді.

Жеті қазына. Ол жөнінде пікір таласы көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған:
1. Ер жігіт.
2. Сұлу әйел.
3. Ілім – білім.
4. Жүйрік ат.
5. Құмай тазы.
6. Қыран бүркіт.
7. Берен мылтық.

Қазақтар жеті қазынаны «жеті ырыс» деп танып, оған мыналарды жатқызған:
1. Адамның ақыл – ойы, санасы.
2. Денсаулық.
3. Ақ жаулық (ердің жары).
4. Бала (өмір жалғасы).
5. Көңіл (көңіл мен пейіл кең болса, ынтымақ, береке орнайды).
6. Жер («Жерсіз – ел тұл, ерсіз – жер тұл»).
7. Ит.

Жігіттің жеті қазынасы
Жүрдек аты – жігіт қаны, қанаты
Қыран бүркіт – қарым күші, қуаты.
Құмай тазы – бастан берік сенімі,
Ақ мылтығы – сөнбес оты, серігі
Алмас кездік – жігіт сұсы, һәм мысы
Ау жылымы – амал, айла, әдісі
Қара қақпан серті себі тірліктің
Осы жеті қазынасы жігіттің.

Ал, Ислам аңызы бойынша, жеті қазынаға мыналар жатады:
1. Қыдыр (қызыр). Қыдыр дарыған адам бай болады.
2. Бақ. Ол ерекше жаратылған құдірет иесі. Бақ дарымайды, қонады.
3. Ақыл (Байлық пен бақыттың тірегі).
4. Денсаулық.
5. Ақ жаулық.
6. Тұз (Ол – Алланың адамдар мен жан – жануарларға берген несібесі, таусылмайтын кені).
7. Ит. (Адам Ата мен Хауа Ананың алғашқы серігі).

Қазақтардан басқа халықтарда да жеті қазына туралы өзіндік таным, түсінік бар. Мысалы, грек аңыз – әңгімелерінде жеті қазынаға мыналар жатады:
1. Көк аспан.
2. Күн (барлық зат оның шуағынан нәр алады).
3. Ай (түнгі тіршілік нәрі).
4. От (От – Күннің жердегі сүлдесі. Оны пайдалану арқылы адамдар дүниенің төрт бұрышына тарады).
5. Су. (сусыз тіршілік жоқ).
6. Жер (тіршілік анасы).
7. Ит.

Жеті қазына — қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы философиялық түсініктердің бірі. Қазақ халқы Жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады:

  1. жүйрік ат;
  2. қыран бүркіт;
  3. құмай тазы;
  4. берен мылтық;
  5. қанды ауыз қақпан;
  6. майланғыш ау;
  7. өткір кездік.

Ер жігіттің жүйрік аты — қанаты. Қыран бүркіт — қуаты. Құмай тазысы — абыройын асырар сенімді серігі. Мылтығы — қахарлы оты. Қақпаны — серті, ауы — әдіс-айласы, кездігі — сұсы. Халық Жеті қазынаны өмір қажетіне негіз етіп таратқан. Қазақ халқының Жеті қазынаны — жеті ырыс деп атауының да мәні осында. “Жеті ырысқа” мыналарды жатқызады:

  • 1) адамның ақылы,ой-санасы. Өйткені, адамзат ақылы арқылы хайуанаттар дүниесінен бөлініп ерекшеленеді, әрі дүниенің қожасы болды;
  • 2) денсаулық, яғни дененің саулығы;
  • 3) ақ жаулық, яғни үйдегі әйел адам — ердің жары, балалардың анасы. Халқымыз ежелден “Бас екеу болмай, мал екеу болмайды” деп, әйелді тіршілік иесі, адам өмірін жалғастырушы деп қастерлеген;
  • 4) бала. Бала — адам өмірінің жалғасы, қуанышы;
  • 5) көңіл. Көңіл мен пейіл кең болса, ынтымақ пен береке орнайды;
  • 6) жер. “Жерсіз — ел тұл, ерсіз — жер тұл”;
  • 7) ит. Ол әуел бастан-ақ адамға сенімді серік болған.

Ал ислам аңызы бойынша, Жеті қазынаға мыналар жатқызылады:

  • 1) Қыдыр (қызыр). Ол өзі ұнатқан адамдарына ғана дариды. Қыдыр дарыған адам байлыққа кенеледі деген түсінік бар;
  • 2) бақ. Ерекше жаратылған құдірет иесі. Бақ дарымайды, қонады. Бақ қонған адам ел мен жерге қожалық етеді;
  • 3) ақыл. Ақыл — байлық пен бақыттың тірегі;
  • 4) денсаулық. Деніңізде саулық болмаса, өміріңізде сән де, мән де болмайды делінеді;
  • 5) ақ жаулық. Дін аңыздары бойынша, Алла адамды топырақтан жаратып, жан берген соң, адам ұрпағын тарату үшін оның сол жақ қабырғасының біреуінен Хауа Ананы жаратқан;
  • 6) тұз. Тұз — Алланың адамдар мен жан-жануарларға берген несібесі, таусылмайтын кені;
  • 7) ит. Адам мен Хауа Ананың алғашқы серігі, қорғаушысы. Осы айтылған ислам аңызындағы Жеті қазына Алланың кереметімен ғана болып отырады. Мұндағы мақсат — “Барлық іс Алланың ұйғарымында, құдайсыз қурай сынбайды” дегенді білдіреді.

Жеті қазына ұғымы басқа халықтарда да кездеседі. Мысалы, грек аңыз-әңгімелерінде Жеті қазына басқаша кездеседі:

  • 1) көк аспан. Ол әлем сырын өз шеңберінде сыйғызып, солардың өзіндік қалпын сақтайды;
  • 2) Күн. Ол әлемдегі тіршілікті басқарады. Барлық зат — Күннің шуағынан нәр алады;
  • 3) Ай. Түнгі тіршілік нәрі. Ай табиғатты түн тұңғиығында тербеп, нұрландырады;
  • 4) от. От — Күннің жердегі сүлдесі. Отты пайдалану арқылы адамдар дүниенің төрт бұрышына тарады;
  • 5) су. Сусыз тіршілік жоқ. Су — жерге қуат, өсімдік әлеміне, жан-жануарға нәр, көрік береді;
  • 6) Жер. Жер — тіршілік анасы. Жан-жануарлар мен өсімдік әлеміне көрік, келбет, түр-тұрпат береді;
  • 7) ит. Ит — Адам мен Хауа Ананың пейіштен қуылып, жерге түскендегі алғашқы серігі, досы әрі қорғаушысы. Сол себепті Жеті қазынаның бірі саналады.
Изменен статус публикации
Добавить комментарий