0 комментариев

Пандемия басталғалы Жамбыл ауданына қарасты Ерназар ауылдық округінде коронавирустың бір де бір дерегі тіркелмеген.

Бұл — індеттің алдын алу мақсатында ауылдағы жүйелі түрде жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесі дейді тұрғындар.  Бұл туралы KYN.KZ сайты хабарлайды.

Ерназар ауылдық округіндегі 796 аулада 1697 адам тұрады. Әлеуметтің әлеуетін арттыру үшін айтарлықтай жұмыстар атқарылған. Оқушылар үшін білім ордасы, бүлдіршіндерге бөбекжай, дәрігерлік амбулатория, мәдениет үйі мен кітапхана жұмыс істейді. Елді мекенде 75 шаруа қожалығы тіркелген болса, оларға 2471 гектар жер телімі берілген.

Округ бойынша тұрғындардың меншігінде 1426 мүйізді ірі қара, 16768 қой-ешкі, 818 жылқы, 92 түйе, 2100 құс тіркелген. «Ауылда короновирус дертінің бір де бір жағдайы тіркелген жоқ. Бұл үшін күш салып, рейд шараларын өзім бастап ұйымдастырып жүрмін.

Ауылдағы мешітте күніне бес мәрте халыққа індеттен сақтану жолдары құлағдар етілсе, әлеуметтік нысандарға жаднамаларды жаппай ілдік. Көрнекі жерлердегі баннерге карантин талаптары жазылған үнпарақтарды жапсырдық. Учаскелік полиция қызметкерлерінің көлігіндегі дыбыс ұлғайтқыштың көмегімен бетперде тағу, арақашықтықты сақтау керектігін көше бойымен хабарладық.

Қандай да бір сырқат белгілері анықталған науқастың бірден дене қызуын өлшеп, дәрігерлермен бірге үйлеріне жедел жеттік. Бәлкім сақтық шараларына ауыл болып көңіл бөлгеннен болар, бұл індеттен аманбыз», — дейді округ әкімі Мырзахан Әбдіқұлов. Оның сөзін көшеде шаруалармен жүрген көпшіліктің жаппай бетперде тағуы дәлелдей түскендей.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий