0 комментариев

1. Ананың ағзасы үшін ең қауіпсіз әдіс – бұл сүттің бөлінуін біртіндеп азайту. Сүттің бөлінуін тоқтатуға шамамен екі-үш апта кетеді – бұл уақыт ішінде емшек қатайып кетпейтіндей дәрежеге жетеді. Алайда біраз уақытқа дейін емшекте сүт болуы мүмкін, мұнда тұрған ешнәрсе жоқ. Тек баланы емізуді тоқтатқаннан үш ай өткен соң сүт өзінен-өзі аға бастаған жағдайда ғана дәрігерге қаралу қажеттігі туындайды.

2. Ең басында, анасы баланы емізуді тоқтатқан кезде, емшек сүтке толып, ысып, ауыртуы мүмкін. Бұл жағдайда ананың негізгі мақсаты сүттің бөлінуін азайту және жағымсыз сезінулерді жеңілдету болады. Емшек тола салысымен, сүтті сүзіп отыру қажет болады (қолмен не сүт сүзгішпен). Сүтті емшек жеңілдегенше сүзу қажет, егер оны соңғы тамшысына дейін сүзуге тырысатын болсаңыз, бұл тек сүттің көп мөлшерде бөлінуіне ықпал етеді, өйткені сүт сүзген сайын бөліне береді.

3. Емшектің ісуі және сүттің толуынан болатын қолайсыздықты азайту үшін суық компресс қойып немесе кеудені орау қажет (суы мол орамжапырақ жапырақтары немесе суық сарысуға малынған дәке). Сүттің бөлінуін азайтуға шалфей және жалбыз тұнбалары көмектеседі.

Егер Сіз баланы емізе алмауыңызды уайымдап жүрсеңіз, мұны ішіңізде сақтамаңыз, бұл жайында жақын туысыңызбен немесе психологпен сөйлесіңіз. Депрессияға немесе сары уайымға салынбауға тырысыңыз – сәби анасының көңіл-күйін сезіп отырады, ал артық стресс Сізге де, оған да дәл қазір керек емес. Есіңізде болсын, сәбиіңізге деген махабаттыңызды тек оны емізу арқылы ғана емес, оны бағып-қағу, күту арқылы да білдіре аласыз, сәбиіңіз бұған мұқтаж!

Бала жасына толмаған болса…

Бұл жағдайда нені ескеру қажет? Әлі бір жасқа толмаған сәби үшін ана сүті тамақтанудың негізгі қайнар көзі болып табылады. Аналардың шамамен алты айда бере бастайтын қосымша тамағы толығымен ана сүтін алмастыра алмайды, алғашқы кезеңде онымен бала тек таныса бастайды, ол тек қана қосымша рөлін атқарады. Егер баланы ана сүтінен жасына толмай жатып айыратын болса, мұның оның иммунитетіне ықпалын тигізері анық. Сондықтан баланы емізуді жалғастыруға бар күш-жігерді салу қажет.

Егер ана сүтін емуден бала өзі бас тартып жатса, көбіне, мұны баланың еркелігі деп білу керек, бұл тез басылатын уақытша құбылыс. Емуден бас тартудың жиі кездесетін себептері – емізік беру, сирек емізу, анасының түнгі емізулерді алмастыруды немесе мүлдем алып тастауды қалауы.

Бірден айта кететін жайт, жұмысқа шығу баланы емізуді тоқтатуға себеп бола алмайды! Бұл тақырып алдыңғы мақалаларымызды қозғалған болатын. Қандай болған күнде де, баланы емізу жөніндегі кеңесшілер бала емізу мен жұмысты қалай өзара үйлестіруге болатынын айтып береді.

Егер анасы өзінің жағдайларына байланысты баланы емшектен шығару туралы нақты шешім қабылдаған болса, мұны ең қолайлы уақытта жасаған дұрыс. Мысалы, егер бала аурып қалған болса, қатты толқу үстінде немесе жаңа бір нәрсені үйреніп жатқан болса, мұны сәл кейінірек іске асырған жөн.

Емшектен шығару үшін не істеу қажет? Егер анасында баланы емшектен шығару қажеттілігі туындаған болса, онда алдында айтылған қағидаларды ұстану қажет. Емшектен шығару жайсыздық тудырмауы үшін, емізуді біртіндеп қоспамен немесе сүзілген ана сүтімен алмастырып отыру керек. Осылай барлығы үшін жақсы болады, сондай-ақ лактостаз бен мастит дамуының қаупі төмен болады. Ананың бір қалыпты көңіл-күйі осы ауыр кезеңді жеңіл бастан кешіруге көмектеседі.

Бәлкім, бала анасы емізер деген үмітпен анасының берген сүт құйылған ыдысты алмауы мүмкін. Бұл жағдайда сүті бар бөтелкені туыстардың біреуі беруі қажет (әдетте, әкесі немесе әжесі). Бала үшін ең маңызды емізу сәттерінен (әдетте, бұл ұйықтар алдындағы емізу) бас тартуды кейінге қалдырған жөн..

Бала жасы бірден екі жас аралығында болса…

Бұл баланы емшектен шығару үшін ең жиі таңдап алынатын және ең қиын кезең. Бұл жерде дәл психологиялық проблема орын алатынын атап кету керек: сәби бұл жаста бәрін түсінеді және бұған күші жеткенше қарсы тұруы да мүмкін…

Кейде, аналар бір жастан кейін баланы емшектен айыру қиынырақ болатынын біліп, мұны кішкене ертерек жасауға тырысады. Шынына келгенде, мұның ешқандай артықшылығы жоқ: емшектен шығару неғұрлым ерте басталған болса, бала денсаулығы үшін бұл соғұрлым қауіпті болады.

Жасына толған бала расында да ана сүтіне мұқтаж, ол енді өз қалауын анық білдіре алады, сондықтан отбасы өміріне бұл оқиға теріс әсер беруі мүмкін. Сондықтан, анасы емшектен шығаруға бел буған болса, ол мұның себебін анықтап алуы қажет.

Баласы бірге жаңа толған анаға жан-жақтан қысым көрсетіле бастайды, ол: «Сен әлі емізіп жүрсің бе? Бала өсіп қалды ғой» дегенді жиі ести бастайды. Әрине, бірге толғанымен баланы өсіп қалды деуге әлі ертерек. Сондай-ақ ол ана сүтін керек етпеймін деген ойдан аулақ))))…

Изменен статус публикации
Добавить комментарий