0 комментариев

1. Сүттің бөлінуін дәрі-дәрмекпен тоқтату – бұл сүттің бөлінуін шұғыл тоқтату қажет болған кезде баратын ең соңғы әрекет. Бұл үшін қолданылатын дәрілерді және олардың дозасын тек қана дәрігер тағайындайды! Мұндай дәрілердің қауіпті әсері бар: жүрек айну, құсу, бас ауруы, бас айналу, шаршағыштық, депрессия…

Өзін-өзі нашар сезінумен қатар, таблетка қабылдау кезінде (бұл бір ғана күнге созылмайды) анасы баласына қарауы қажет болады! Сондықтан дәрі-дәрмек қабылдамастан бұрын, жақсылап ойлануы қажет…

2. Бұрын сүттің бөлінуін азайту үшін кеудені қатты буып тастау ұсынылатын. Бұл әдісті қазіргі уақытта ешкім қолданбайды, өйткені бұл әдіс ұсынылмайды, себебі кеудені буып тастау маститтің пайда болуына әкеп соғады. Кеудені байлап матау сүттің азаюына әкелмейді, бірақ сүт бездеріндегі қан айналымын бұзады, сүттің ұюына және ісіктің пайда болуын тудырады.

3. Тамақ не сусынды шектеудің бөлінетін сүттің мөлшеріне қатысы жоқ, ол ананың ағзасындағы пролактин гормонының санына байланысты. Тек өте қатты жүдеу кезінде ғана сүттің айтарлықтай азаюы байқалады, ал егер анасы сұйықтық ішуді азайтатын болса, ол өз ағзасын сусыздануына мәжбүрлейді, оның үстіне лактостаз даму қаупі артады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий