Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкентте 11 жастағы баланы зорламақ болған педофилге қатысты сот үкімі шықты

Шымкентте 11 жастағы баланы зорламақ болған педофилге қатысты сот үкімі шықты
ашық дереккөз
Шымкентте көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінде балаға азғындық жасамақ болған педофил 15 жыл бас бостандығынан айырылды
Қалалық мамандандырылған ауданаралық сот 33 жастағы айыпталушыны 15 жылға түрмеге қамады. Сот төрешісі Әбинұр Қарабаеваның айтуынша, сотталушының кәнісі толығымен  дәлелденді. Күдікті баланы зорламақ болған, алайда арам ойын іске асырып үлгермеді. 21 қыркүйек күні сот айыпталушыны кінәлі деп тапты. Айта кетейік, шілде айында ер адам подъезд есігін жауып, 11 жастағы баланы зорламақ болған еді. Ол баланы шешіндіріп жатқанда, сол үйдің тұрғыны көріп қалып, күдіктіні қуып шыққан. Күдікті қолға түсіп, тергеу жүргізілді. Баланы педофилден құтқарып қалған әйел болған оқиға туралы айтты.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар