Ақылбек Жеменейдің өзін халыққа бай етіп көрсетіп, өтірік айтып жүргені анықталды
Әнші: Негізінен тағы бір хит әнім шықса шынымен бір байып қаларым анық.
Танымал батыстық әнші Ақылбек жеменейдің шын мәнісінде қарапайым қазақ екені анықталды. Әнші тіпті қазір "Қызыл өріктің" дәурені өткелі қаржылай жағдайының нашарлап қалғанын да мойындаған. Ол елдің сөзіне ілініп, көзіне көріну үшін көшедегі қымбат көліктерді өзінікі ұқсатып суретке түсіп, желіге салаберетін әдет те шығарыпты. “Жігітті тұлпарынан байқайсың дегенді қазақ баяғыда айтып кеткен. Желіге көліктерге байланысты жалған ақпарат анда-санда саламын. Соның ішінде әлеуметтік желідегі парақшама ұнаған мемлекеттік номерлермен, қымбат көліктердің суретін салып тұрамын. Барлығы менікі емес. Басым бөлігі бақуатты ағаларымдікі. Байып кеткен жоқпын. Бір көлік пен жалғыз әйелдің иесімін. Сондықтан парақшамдағы суреттердің ішіндегі 99 пайыз көлік менікі емес. Тағы бір “Қызыл өрік” секілді хит ән шықса, мініп те қалармын қалағанымды”, – дейді Ақылбек.