Түрмеден шықты: Ислам Кәрімовтің немересі байқамай анасының қайда екенін айтып қойды
Өзбекстанның алғашқы президенті Ислам Кәрімовтің немересі Иман өзінің анасы Гүлнәра Кәрімованың түрмеден шыққанын және қазіргі уақытта үйінде екенін айтып қойды
Анасының түрмеден босап шығып, үйіне келгені туралы бойжеткен өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.
"Анам енді үйде", - деп қуана жазды Иман Кәрімова.
Сондай-ақ ол тұрғылықты мекен ретінде Лондонды көрсеткен.