Астанада науқасты тепкілеген дәрігердің кім екені белгілі болды
Әлеуметтік желіде ауырып тұрған адамды сабаған дәрігердің қылығы жұрттың зәресін ұшырды.
Денсаулық сақтау басқармасы елордалық ауруханада науқастың соққыға жығылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Instagram желісіндегі zhest_kz тобында жарияланған видеода дәрігер науқасты тепкілеп жатыр. Бейнежазбаның Астанадағы №2 қалалық ауруханада түсірілгені айтылған. Аталған дерек бойынша тергеу жүргізілді. Денсаулық сақтау басқармасы бұл мәліметті жоққа шығарды. "Әлеуметтік желілерде жарияланған дәрігердің науқасты тепкілегені туралы видеоға байланысты Астана қаласының №2 қалалық ауруханасының қабылдау бөліміне сәйкес келмейді", — делінген ведомствоның ресми хабарламасында. Оның үстіне, видеоролик кейіпкерлері емхананың қызметкерлері емес.
"Анықталғандай, оқиға Астана қаласының медициналық мекемесінде болмаған", — деп мәлімдеді ведомство баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылы 29 жастағы Николай Кривенконы елорданың медициналық-әлеуметтік реабилитация орталығында өлгенше сабап тастаған. Осыған байланысты ІІД патруль қызметінің сержанты мен фельдшер ұзақ мерзімге сотталған еді.